23.10.2012, 18:15 3544

Алматының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 9,2 пайызға өсті

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Алматының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі бағалауды есепке алғанда 304 032,9 млн. теңгені құрады, бұл 2011 жылғы қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 9,2 пайызға көп, деп хабарлады Алматы қаласы статистика департаментінің баспасөз қызметінен.

Алматы. 23-қазан. Kazakhstan Today - Алматының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 9,2 пайызға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Алматының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі бағалауды есепке алғанда 304 032,9 млн. теңгені құрады, бұл 2011 жылғы қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 9,2 пайызға көп, деп хабарлады Алматы қаласы статистика департаментінің баспасөз қызметінен.

Қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі капиталға тартқан инвестицияларының үлесі республикалық көлемнің 8,6 пайызын құрады. Айтарлықтай үлес машина, жабдықтар, құралдар сатып алу (51,3 пайыз) және ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу бойынша (43,9 пайыз) жұмыстарға тиесілі. Негізгі капиталдағы инвестициялардың жалпы көлемінде өзге күрделі жұмыстар мен шығындар 4,8 пайызды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны