Система Orphus

Алматының оңтүстік-батысында, 537 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

04.06.2013, 11:18 5629

Алматы. 4-маусым. Kazakhstan Today - Алматының оңтүстік-батысында, 537 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылдың 4 маусымында "ҚР БҒМ ҒК Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы" ММ-нің сейсмикалық стансалар жүйесі алматы уақыты бойынша 00 сағат 24 минут 04 секундта (Гринвич бойынша 03 маусым 2013 жыл, 18 сағат 24 минут 04 секунд) жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 537 шақырым жерде Қазақстанның аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық дәрежесі - 9.9. Магнитудасы - MPV 4.5. Тереңдігі 5 шақырым. Сезілу туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны