22.05.2018, 13:43 6792

Алматыныӊ Орталық саябағы қайта жаӊарады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында Орталық мәдениет және демалыс саябағыныӊ айналасын аралап шықты. Басқарушы компания 1,6 млрд. теӊге жеке инвестиция бөлінген реконструкцияныӊ кешенді жоспарын көрсетті.

Алматы. 22 мамыр Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында Орталық мәдениет және демалыс саябағыныӊ айналасын аралап шықты. Басқарушы компания 1,6 млрд. теӊге жеке инвестиция бөлінген реконструкцияныӊ кешенді жоспарын көрсетті.

Жаӊарған саябақ аймақтарға бөлінеді, мұнда тегін скейтодром, воркаут және командалық ойындар алаӊдары бар спорт аумағы, балалардыӊ жаӊа қалашығы пайда болады. Жаӊа әрі заманауи аттракциондар жасалады.

Таяу арада тротуарларды жөндеу басталады, жарық көздері орнатылып, фонтандар жаӊарады. Заманауи талапқа сай келмейтін сауда объектілері алынып тасталады. Мемлекеттік - жеке әріптестік қағидасы бойынша сонау 90-шы жылдан бері жұмыс істемей тұрған "Велотрек" қайта жасалады.

Қосымша ағаш отырғызылып, қала саябағыныӊ ортасындағы көлік тұрағын жабу есебінен асфальтбетон төселген аумақ қысқарады.

Айта кетерлігі, құрылыс жұмыстары келушілерге қолайлы болу үшін кезеӊ бойынша жүретін болады.

Айта кетерлігі, Алматыда биылғы жазда 150-ден астам көше жөнделеді, 30 км тротуарлар жасалады, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаӊа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен "Астана" алаӊынан өзге мегаполистіӊ бірқатар негізгі даӊғылдары түгелдей жаӊарады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны