13.04.2011, 17:01 4034

Алматының Республика Сарайында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары жыл аяғында аяқталады

Алматының Республика Сарайында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары жыл аяғында аяқталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 13 - сәуір. Kazakhstan Today - Алматының Республика Сарайында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары жыл аяғында аяқталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Алматы қаласының әкімі міндетін атқарушы Ахметжан Есімов Республика Сарайының құрылысы барысымен танысты.

Естеріңізге сала кетсек, бұл мәдениет ошағына салынғаннан бері ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен, өткен жылы күрделі жөндеуге жабылған болатын. Республика Сарайын жөндеу жұмыстары 2011 жылдың аяғында аяқталады деп күтілуде.

Ахметжан Есімов Республика Сарайындағы күрделі құрылыстың сапасына барынша назар аударды.

Қазіргі кезде Архитектура және құрылыс ғылыми-зерттеу институтының белді мамандары құрылысшылармен бірге бағаналар мен ғимараттың төбесін бекіту жұмыстарын қолға алуда. Сонымен қатар, 300 автокөлік тұратын орын да салынып, ғимараттың ішкі құрылымы да түгелдей жаңартылуда. Мәдениет ошағында мүгедек адамдардың кіріп-шығуы да қарастырылған. Сарайды жөндеу жұмыстарының жоспары түгелдей қайта жаңартылды, соның арқасында мұнда 50 орынды конференц-зал, сұлулық салоны, аудиокиоскі, ән жазу студиясы, өзге де бөлмелер қосымша салынуда.

Мамандардың айтуынша, ғимараттың ішкі және сыртқы келбеті бүгінгі заман талабына сай қайта жаңартылатын болады.

Ирлеу жұмыстарына барынша сапалы, экологиялық жағынан пайдалы, қауіпсіз, эстетикалық талғамға сай материалдар пайдаланылуда.

Ахметжан Есімов ғимаратты пайдалану кезінде қауіпсізік шараларына барынша назар аудару қажеттігін атап көрсетті.

Фото: almanews.kz.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны