16.11.2012, 15:25 2950

Алматының Түрксіб ауданында "Ескі баспана" бағдарламасы бойынша 5 жаңа үйдің құрылысы басталды

Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың бастамасымен қабылданған "Ескі баспана атты бағдарлама барысында Алматы қаласының 7 ауданында апатты жағдайда тұрған үйлер сүріліп, жаңа үйлер бой көтермек. Қазіргі таңда Түрксіб ауданының үйлері жаңартыла бастады.

Алматы. 16-қараша. Kazakhstan Today - Алматы қаласының Түрксіб ауданында жалпы ауданы 4,6 мың шаршы метрді құрайтын 5 жаңа үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың бастамасымен қабылданған "Ескі баспана атты бағдарлама барысында Алматы қаласының 7 ауданында апатты жағдайда тұрған үйлер сүріліп, жаңа үйлер бой көтермек. Қазіргі таңда Түрксіб ауданының үйлері жаңартыла бастады.

Жалпы қала бойынша ауданы 14 598,6 шаршы метрді құрайтын 39 ескі үй бұзылып, орнына 127 105,6 шаршы метрді құрайтын 62 жаңа үй салынады.

Осы бағдарлама аясында тұрғындар қоныстанатын пәтерлерден басқа сатылымға арналған пәтер салу да жоспарланып отыр. Оларды сатудан түскен қаржы бағдарламаны одан әрі жалғастыруға бағытталады.

Медеу, Алмалы, Иуезов аудандарында жаңа үйлердің құрылысы осы жылдың желтоқсан айында басталмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны