19.02.2015, 11:59 4024

Алматыныӊ жалғыз мәйітханасы жабылып қалды

Алматыдағы жалғыз Сот медицияналық сараптамасы орталығы қызметін тоқтатты. Оған себеп - мекеменіӊ тағы кеӊсесіз қалуы. Бүгін экономикалық соттыӊ шешімімен орталық 1 жарым жылдан бері тұрақтаған ғимарат та жабылып тынды.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыдағы жалғыз Сот медицияналық сараптамасы орталығы қызметін тоқтатты. Оған себеп - мекеменіӊ тағы кеӊсесіз қалуы. Бүгін экономикалық соттыӊ шешімімен орталық 1 жарым жылдан бері тұрақтаған ғимарат та жабылып тынды. СЭС кезінде балалар ауруханасы болған нысанды, криминаллдық сараптама жасауға сай емес деп тапқан. Айта кетсек, сот медициналық сарапшылары 2 жыл бұрын да ескі ғимараттан шығарылып, осы жерге келген болатын. Енді күніне 15 мәйіт қабылдайтын орталықтыӊ басқа барар жері жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл - Алматыдағы жалғыз Сот медициналық сараптамасы орталығы. Күніне мұнда 10-15 мәйіт тексеруге жеткізіледі. Мамандар енді бүгіннен бастап ол тексеруді де түгел доғаруы тиіс. Өйткені сот шешімімен орталықтыӊ қызметі тоқтатылып отыр, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Қуандық Ешімет, Алматы қалалық сотыныӊ баспасөз хатшысы:

- Алматы қаласыныӊ мамандандырылған экономикалық сотыныӊ шешімімен Сот медициналық сараптама орталығы, жұмысы, санитарлық сауаттылығы заӊнамасы өте ауыр бұзылғаны анықталып, қызметі толықтай тоқтатылды.

Орталықтыӊ бұл ғимаратқа орналасқанына да көп болмаған. Небәрі 1 жарым жылдыӊ шамасы. Онда да амалдыӊ жоқтығынан. Өйткені мекеменіӊ өз ғимараты да "әбден ескірген" деп 2013 жылы да жабылған екен. Сөйтіп, сарапшы мамандар кезенде балалар ауруханасы тиесілі болған кешенді жалға алыпты. Енді оныӊ есігіне де қара құлып салынып отыр. Сот бұл ғимаратта мәйіт сақтауға болмайды, нысан апатты жағдайда әрі маӊайында тұрғын үйлер тығыз орналасқан деп шешіпті.

Тахир Қалымназаров, "Сот медицинасы орталығы" РМҚК Алматы филиалы директорыныӊ орынбасары:

-Жаӊа ғимарат мәселесі шешілгенге дейін осында отыруға келгенбіз. Өзімізге ыӊғайлап, барлық жұмысын жүргіздік. Бірақ енді бұл жерді де босатуымыз керек. Сондай қайда барамыз? Мұнда күніне 10-15 мәйіт тексеруден өтіп, 50-60 адам ісіне сараптама жасалады.

Жалпы Сот медициналық сараптамасы орталығыныӊ кеӊсе машақатымен жүргеніне 10 жылға жуықтапты. Оған мекеменіӊ нақты қай министрлікке қарайтындығы нақтыланбай келуі себеп болса керек.

Тахир Қалымназаров, "Сот медицинасы орталығы" РМҚК Алматы филиалы директорыныӊ орынбасары:

-Мұндай сараптамалық орталық басқа жоқ. Сөйте, тұра осындай қалдеміз. Бұған немқұрайлылық себеп. Өйткені біз заӊ жүзінде Денсаулық сақтау министрлігіне қараймыз. Бірақ Ішкі істер қызметіне тиесілі міндеттерді атқарамыз. Енді Иділет министрлігіне өттік. Бір аптадан бері, қазір құжат жағы рәсімделіп жатыр. Бір шешім болса, солардан келер енді.

-Сондықтан Сот медицинасы орталығы жаӊа басшыларына үлкен үміт артып отыр. Еӊ боламағанда ескі ғимараттарын жаӊартып берер деп. Ийтпесе, қаланы айтпағанда осы мекеменіӊ қызметіне тәуелді Алматы облысына қарасты 7 аудан да түгелімен сараптама орталығынсыз қалауы мүмкін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны