22.05.2008, 09:50 2048

Алматының жасыл желегі жаңартуды қажет етеді

Алматының жасыл желегі жаңартуды қажет етеді

Алматы. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматының жасыл желегі жаңартуды қажет етеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгінгі таңда заманауи урбанизациялық шаруашылықта табысты пайдаланылып жүрген жасыл желектің жаңа тұқымдарын енгізу қажеттілігі туындады", - деп мәлімдеді Алматы қаласының әкімі экологиялық тыңдау кезінде.

А. Есімов хабарлағандай, Алматыдағы жасыл желек сапасы нашарлап кеткен. "Қалада өсіп тұрған үлкен бәйтеректердің көбісі ауру. Олар ауруларын басқа ағаштарға жұқтыруда және құлап түсуі мүмкін болғандықтан қауіпті болып саналады", - деп мәлімдеді әкім.

Жол айрықтарын салу мен жол жөндеу жобаларында ағаштар мен бұталар егу ерекше орынға ие болуға тиісті. Сондай-ақ, А. Есімов көркейтуді қажетсінетін саябақ аумақтарына назар аударуды тапсырды. Бұл ретте ол жасыл желектің дамуындағы бас шешілмеген мәселелер өсімдіктерді фитохимиялық қорғау бойынша кешендік жүйелердің, өсіру жүйесінің болмауы екендігін атап көрсетті.

"Біз 2011 жылғы Азия ойындарын өткізгелі отырғанымызды ұмытпауымыз керек. Бүкіл әлемге таралатын үлкен шараға лайықты түрде дайындалуымыз керек", - деп атап көрсетті әкім.

Осыған байланысты А. Есімов тиісті қызметтерге нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтар болсақ, қаланың жасыл желегіне санақ жүргізуді, суару жұмыстарын ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттердің кешенді жоспарын дайындауды, қазіргі жасыл желекті қайта жөндеуден өткізу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы жасап шығаруға тапсырма берді.

А. Есімов Бам бағын қорғау мәселесіне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, соңғы онжылдықта ондағы ағаштардың саны 130 мыңнан 6435 мыңға дейін азайып кеткен. Қазіргі уақытта аумақты көркейту жұмыстары жүріп жатыр. Оған республикалық бюджеттен қаражат бөлініп те қойған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны