20.02.2013, 13:24 3554

Алматының ЖІӨ-і 5,3 млрд теңгеге жетті

Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 18%-ы және мемлекеттік бюджет табысының 24% Алматы қаласының үлесінде.

Алматы. 20-ақпан. Kazakhstan Today - Алматының жалпы ішкі өнімі 5,3 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы халық алдында есеп берген Алматы әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті.

Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 18%-ы және мемлекеттік бюджет табысының 24% Алматы қаласының үлесінде.

"ЖІӨ 5,3 млрд теңгеге жетті, бұл адам басына шаққанда 23 мың долларды құрайды. Қазіргі таңда еліміздегі жалпы банктік рәсімдеулердің 53,2% Алматыда жасалады.Көтерме бағамен тауар айналымының 40% астамы, бөлшек тауар айналымының 29,4%, кәсіпкерлік саласындағы қызмет көрсетулердің 24,2 %, ішкі тауар айналымының 13,1%, негізгі капиталға салынған инвестицияның 84% Алматының үлесінде", деді Алматы қаласының әкімі А. Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны