11.11.2018, 21:42 3993

Алматыныӊ жол көрсеткішін жасап 100 000, 70 000 немесе 50 000 теӊге ұтып алу мүмкіндігі пайда болды

Жеӊімпаздар коммерциялық емес және мемлекеттік құрылымдардыӊ өкілдерінен құралған комиссияныӊ шешімімен анықталып, 2018 жылғы 14 желтоқсанда жарияланады.

Алматы. 11 қараша. Kazakhstan Today - Қаланыӊ классикасы оныӊ тұрғындарына табыс табу мүмкіндігін береді. Танымал көрікті жерлерден бастап көпшілік жұрт біле бермейтін шолақ көшелерге дейін - Алматыныӊ сұлулығы мен атмосферасын сезінуге септігі тиетін жерлерді таӊдаӊыз.

Қалада балалармен немен айналысуға болады, қай веложолақтармен жүрген жөн, жаста қайда көӊіл көтереді, қаланыӊ түнгі көрінісін тамашалауға еӊ қолайлы жер қайда - осыныӊ бәрі Сіздіӊ Алматы бойынша жасаған гайдыӊызда.

Білгеніӊізді бөлісіӊіз, жарқын әрі белсенді өмір салтына идея ұсыныӊыз #VisitAlmaty

Тапсырма:

Сіздіӊ міндетіӊіз - авторлық материал дайындау. Еӊ басты шарт - бір қарағаннан Сіз жасаған гайдты не нәрсеге қолдану керектігі түсінікті болсын. Яғни, материал бірер мазмұнмен толтырылуы тиіс. Егер қалаӊыз саяхатшыға несімен қызық екенін білмесеӊіз, гайдты жасау қиынға соқса, тұтас нұсқаулық жасауға асықпай, алдымен мұнда алғаш келген адам үшін не қызықты болуы мүмкін екенін анықтап көріӊіз.

Байқауға қатысу үшін жасына немесе тұрғылықты мекенжайынан тыс, ешқандай шектеусіз әр адам қатыса береді. 2018 жылғы 9 желтоқсан күні 23:59-ға дейін өзіӊіз құрастырған төл жол көрсеткішіӊізді кез келген мәтін форматында (doc, docx, txt, rtf) мына электрондық поштаға жіберіӊіз: [email protected]

Өзіӊіз сипаттамақ болып отырған жерлерде қызықты не бар екенін, несімен ерекше және неліктен бару керек екендігін ашып көрсетуге тырысыӊыз. Жұмыс кестесі, мекенжайлары және байланыс ақпаратын көрсетуді де ұмытпаӊыз: бұл Сіз үшін маӊызды болмауы мүмкін, бірақ қалаға алғаш қадам басып тұрғандар бағдарын түзеуі үшін ол өте маӊызды. Көрікті жерлер кем дегенде үшеу болсын әрі еӊ басты, өзгеше орындарды таӊдаӊыз. Мектеп музейі немесе тастанды ғимараттар ешкімді де қызықтыра қоймас, ал қандай да бір өнер туындысына айналған жерлер, әсіресе онда сирек кездесетін экспонаттар (атын атап, түсін түстеӊіз) болса, саяхатшыныӊ назарын аударатыны анық. Осы принцип жол көрсеткіштіӊ барлық бөлімдеріне де қатысты: оқырманды бүкіл дәмхана, мешіт-шіркеу, сауда үйлерініӊ атын тізіп күпті қылмаӊыз. Мәселен, көлік жуатын орындарды жазудыӊ мүлде қажеті жоқ, ал қалғандарын қаншалықты ерекше, қала тұрғындары және қонақтар үшін қаншалықты қызықты немесе пайдалы екендігіне қарай таӊдаӊыз. Ондаған нысандардыӊ аты тізілген мақалаӊызды жол көрсеткіш деп атауға әлі асықпаӊыз. Барлық маӊызды көрікті орындар, олардыӊ салынған уақыты, несімен және неліктен қызықты екені туралы жазған жөн.

Жеӊімпаздар коммерциялық емес және мемлекеттік құрылымдардыӊ өкілдерінен құралған комиссияныӊ шешімімен анықталып, 2018 жылғы 14 желтоқсанда жарияланады.

Өз қалаӊызға саяхатшыныӊ көзімен қарауға әрекет етіӊіз. Алға!

Анықтама орнына

Visit Almaty ТАО - Алматы қаласыныӊ туризм және сыртқы байланыстар басқармасыныӊ жанында құрылған, туристерді күн сайын Алматы мен Алматы облысында уақыт өткізу мүмкіндіктері жайынан хабардар етіп отыратын ақпараттық орталық. Орталықтыӊ міндеттері: туризм өнімдерін халықаралық және ішкі нарықтарда ілгерілету. Visit Almaty жұмысыныӊ маӊызды бөлігі - туристік әлеуетті арттыру жобаларын іске асыру, өӊірдіӊ бәсекеге қабілеттілігі мен туризмді дамыту мүмкіндіктерін, рейтингтерді талдау, сондай-ақ осы саладағы зерттеулерді жүргізу.

Қосымша ақпаратты visitalmaty.kz сайтынан алуға болады. Онда түрлі туристік бағдарлар көрсетілген, ал оқиғалардыӊ бірыӊғай күнтізбесінен қаладағы концерт-көрмелерден бастап спорт шараларына дейінгі барлық қызықты оқиғаларды білуге болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны