28.09.2015, 16:12 4143

Алматы-Өскемен тас жолында көлік апатынан 2 адам көз жұмып, біреуі ауруханаға жатқызылды

Алматы-Өскемен тас жолыныӊ 120-шы шақырымында "Газель" "ВАЗ-21099" көлігімен соқтығысып, салдарынан "ВАЗ-21099" көлігініӊ 34 жастағы жүргізушісі мен 25 жастағы жолаушысы көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ШҚО ІІД

Алматы. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы-Өскемен тас жолыныӊ 120-шы шақырымында "Газель" "ВАЗ-21099" көлігімен соқтығысып, салдарынан "ВАЗ-21099" көлігініӊ 34 жастағы жүргізушісі мен 25 жастағы жолаушысы көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ШҚО ІІД, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Көлік апаты Жіӊішке ауылынан 10 шақырым қашықтықта орын алды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Алматыға бет алған "Газельдіӊ" 40 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдыӊ қарсы бетіне шығып кеткен.

Икімшілік полиция басқармасынан хабарлағандай, оқиға сенбі күні орын алған. Ал өткен тәулікте тағы 5 көлік апаты орын алып, 10 адам зардап шеккен. Төрт апат көліктіӊ қарсы жолға шығып кетуініӊ салдарынан орын алған. Семейде "Фольксваген" көлігініӊ 43 жастағы жүргізушісі 17 жастағы бойжеткенді қағып кеткен. Бойжеткен ауруханаға жатқызылды.

Ағымдағы жылдыӊ 8 айы ішінде жол апатынан 24 адам қаза тауып, 507- жарақат алды. Өткен жылмен салыстырғанда жол апаты 17 пайызға өскен. Жол апатыныӊ негізі себептері жылдамдықты асыру пен жолдыӊ қарсы бетіне шығып кету болып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны