20.11.2012, 18:32 3552

Алматы-Тараз тасжолы 57шақырымға қысқарды

Ол аталған бағыттағы жолды 57 шақырымға қысқартуға мүмкіндік береді, деп Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

Астана. 20-қараша. Kazakhstan Today - 16-желтоқсанда Жамбыл облысында Алматы-Тараз тас жолының жаңадан салынған учаскесі пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ол аталған бағыттағы жолды 57 шақырымға қысқартуға мүмкіндік береді, деп Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

"Кеше біз "Қырғызстан шекарасын айналып өту-Жамбыл облысы" учаскесінің соңғы 36 шақырымын салып бітірдік. (...) Көліктер онымен желтоқсанның 16-сынан бастап жүре алады", - деп жазды министр өз блогында.

Ол 2010 жылдың жазынан бастап Жамбыл облысындағы "Қайнар-Ойтал" учаскесі жабылуына байланысты "Алматы-Тараз" бағытына қатынайтын көліктер қырғыз аумағы арқылы өтуге мәжбүр болғанын еске салды.

"Салдарынан адамдар Шу қаласы арқылы қосымша 57 шақырым жер жүріп өтуге мәжбүр болды. Былтыр біз әзірлеген жоба бойынша, көршілес ел аумағын айналып өтетін жаңа жол салу көзделген болатын", - деп атап өтті ол осы орайда.

А.Жұмағалиевтің айтуынша, Шу өзені үстіне салынған ұзындығы 125 метрлік көпір құрылысы да аяқталды.

"Нәтижесінде Алматыдан Таразға дейінгі ара қашықтық 57 шақырымға қысқарды", - дейді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны