09.01.2007, 16:40 2956

"Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының мүгедектер отбасына қатысты шағым-арызы бойынша сот қайтадан кейінге қалдырылды

АЛМАТЫ. 9-қаңтар. Kazakhstan Today. "Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының қаланы дамытудың бас жоспары бойынша үйі бұзылатын мүгедектер отбасына қатысты жазған шағым-арызы бойынша сот қайтадан кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін Бостандық ауданының № 2 сотында Людмила Бектемірованың төрелігімен екінші топтағы мүгедек Андрей Крылов пен оның отбасын мәжбүрлеп көшіру және жеке меншік құқығынан айыру туралы шағым-арыз бойынша сот процессі жалғасты.

Сот шағым-арыз беруші жақтың куәгері, атап айтқанда құрылыс салушы "TSC Құрылыс" ЖШС өкілінің келмеуінен және де сотқа ұсынылып отырған құжаттардың жеткіліксіздігінен болмай қалды. Сот отырысы 17 қаңтарға шегерілді.

Бұрын хабарлағанымыздай, қаланың ортасындағы Түркебаев көшесінің 232-үйінде тұратын жауапкердің сөзіне сүйенсек, құрылыс салушылар оған бір жыл бұрын өтемақы ретінде 35 мың АҚШ долларын ұсынған, бір жыл өткеннен кейін өтемақы сомасы 120 мың АҚШ долларына дейін өскен (оның меншігіне бағалауды "BG Consulting" ЖШС жүргізген). Бірақ, А. Крылов бұл соманы жеткіліксіз деп санайды, тәуелсіз сарапшы А. Крыловтың меншігін 400 мың АҚШ долларына бағалап отыр.

Шағымданушылардың өзі бүгін тағы да сотқа деген сыйламаушылық танытып, сот отырысына кешігіп келді. Сондай-ақ, "Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары Михаил Коржов соттың шақыру қағазын алудан бас тартқанын естеріңізге сала кетеміз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны