04.01.2007, 17:30 3271

"Алматыжер" үйлері бұзылатын мүгедектер отбасымен соттасуда

"Алматыжер" үйлері бұзылатын мүгедектер отбасымен соттасуда

АЛМАТЫ. 4-қаңтар. Kazakhstan Today. "Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қаланы дамытудың бас жоспарына сәйкес үйлері бұзылатын мүгедектер отбасымен соттасуда деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін Бостандық ауданының № 2 сотында Людмила Бектемірованың төрелігімен екінші топтағы мүгедек Андрей Крылов пен оның отбасын үйді меншіктену құқығынан мәжбүрлеп айыру және оларды көшіру туралы шағым арыз қаралды.

Қаланың ортасында, Түркебаев көшесіндегі 232- үйде тұратын жауапкердің сөзіне сүйенсек, құрылыс салушылар оған бір жыл бұрын өтемақы ретінде 35 мың АҚШ долларын ұсынған, бір жыл өткеннен кейін өтемақы сомасы 120 мың АҚШ долларына дейін өскен. Бірақ, А. Крылов бұл қаржыны жеткіліксіз деп санайды. "Төрт соттық жерде біздің үш бөлмелі үйіміз бар. Отбасымызда адам көп, төртеуі мүгедек. Үш баламыз бар, оның екеуі әлі ккішкентай. Біз бұл ақшаға тек екі бөлмелі ғана пәтер ала аламыз",- деді А. Крылов.

Сонымен қатар, ол оның меншігін "BG Consulting" ЖШС бағалаған, бірақ тәуелсіз сарапшы А. Крыловтың меншігін 400 мың АҚШ долларына бағалағандығын хабарлады.

Бүгін шағымданушылардың өздері сот отырысына бір сағатқа кешігіп келді. Сондай-ақ, сотқа шағым берушілер жағынан алты куәгер келмеді. Жауапкердің адвокаты Василий Резван тіптен "Алматыжер" МКК директорының орынбасары Михаил Коржов соттың шақыру қағазын алудан бас тартқанын хабарлады.

Осыған байланысты, сондай-ақ, сотқа ұсынылған материалдардың жеткіліксіздігінен сот отырысы 9 қаңтарға шегерілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны