24.03.2019, 19:32 4874

"Алматы-2 - Саратов" бағыты бойынша поездын тексеру барысында 6 билетсіз жолаушы анықталды

Рейд алыпсатарлар мен билетсіз жүру мүмкіндіктерін жойып, билеттерді алыпсатарлық жасауға адами фактордың әсерін болдырмайтын блоктар жүйесін құруға бағытталған "Адал жол" жобасы аясында ұйымдастырылды.

Ақтөбе. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің облыстық көліктік бақылау инспекциясы және желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген тексеріс барысында 6 билетсіз жолаушы анықталды.

Рейд алыпсатарлар мен билетсіз жүру мүмкіндіктерін жойып, билеттерді алыпсатарлық жасауға адами фактордың әсерін болдырмайтын блоктар жүйесін құруға бағытталған "Адал жол" жобасы аясында ұйымдастырылды.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылар пойызының 3 жолсерігі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 623-бабының 4-тармағына сәйкес, әр қайсысына 2,5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, сондай-ақ тиісті құжаттарсыз 170 килограмм қосымша жүкті тасымалдағандығы анықталды. Қазіргі уақытта жолсеріктерге қатысты шаралар қабылдау туралы хат "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Оңтүстік" аймақтық филиалына жолданды", - деп хабарлайды облыстық мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Нұртөре Қалдыбаев мәлімдеді.

Жүргізіліп жатырған рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жыл соңына дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны