Система Orphus

Алматы қаласы ауасының сапасына бақылау желісін ұлғайту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде

03.06.2020, 20:54 7399

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту туралы тапсырмасын орындау үшін және Министр М.М. Мырзағалиевтің тапсырмасы бойынша "Қазгидромет" қоғамдық ұйымдармен Алматы қаласының аумағында ауа сапасына бақылау желісін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Қазіргі уақытта "Қазгидромет" экологиялық желісі 20 бақылау пунктінен тұрады.

2020 жылғы 8 маусымнан бастап Алматы қаласы ауасының сапасына мониторинг жүргізу РМ-2,5 бойынша эко-белсендісі Павел Александровтың 10 датчигіне артады, деректер "AirKz" мобильдік қосымшасында, интерактивті картада көрсетіледі және ай сайын ақпараттық бюллетеньде жарияланатын болады. Алматы қаласының бақылау желісінің барлығы 26 пунктті құрайды.

Сондай-ақ, "Қазгидромет" Алматы қаласының атмосфералық ауасының сапасын жақсарту үшін "AirVision" Қоғамдық Қорымен бірлескен жұмыстар жүргізуде.

Осы ынтымақтастық шеңберінде "Эко-Эксперт" ЖШС-ның 10 станциясын бақылау желісіне қосымша қосу жоспарланып отыр, осылайша Алматы қаласының мониторингі 36 бақылау пунктіне жетеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны