Система Orphus

Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

14.01.2020, 19:04 30511

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының маманы мен жетекші маманына қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Алматы қаласының аумағы бойынша жүк автокөлік құралдарының кедергісіз жүргені үшін маман делдал арқылы 200 мың теңге, ал сол бөлімшенің жетекші маманы 270 мың теңге жүк тасымалдаушылардан пара алды деп күдіктеледі.

Тергеу жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны