23.02.2021, 19:10 9400

Алматы қаласы Медеу ауданының үш шағын ауданына бір тәулікке жылу беру тоқтатылды

23 ақпанда Желтоқсан - Тимирязев - әл-Фараби, Достық көшелері мен "Самал-1", "Самал-2" және "Самал-3" шағынаудандарында орналасқан тұрғын үйлерге және басқа нысандарға жылу беру уақытша тоқтатылады.
Алматы. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Алматының Медеу ауданы тұрғындарының бір бөлігі жылусыз қалмақ.
 
 "Алматы жылу желілері" ЖШС хабарлауынша, 23 ақпанда Желтоқсан - Тимирязев - әл-Фараби, Достық көшелері мен "Самал-1", "Самал-2" және "Самал-3" шағынаудандарында орналасқан тұрғын үйлерге және басқа нысандарға жылу беру уақытша тоқтатылады.
 

Жылу және ыстық су бүгін түнгі сағат 23:00-ге дейін болмайды. Жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жылу беру уақытша тоқтатылды", - деліген хабарламада.

 
Сондай-ақ, бүгін Алмалы және Жетісу ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны