25.10.2019, 17:01 19142

Алматы қаласы Наурызбай ауданының судьясы пара алды деген күдікке ілінді

2019 жылдың 25 қазанында қылмыстық қудалаудан босатылған судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас Прокурордың келісімі алынды.

Алматы. 25 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ішкі қауіпсіздік және ҚР Жоғарғы Сотының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып Наурызбай аудандық соты судьясының пара алу фактісінің жолын кесті.

Судья 97 млн. теңге мөлшеріндегі өтемақы сомасын анықтай отырып, метрополитен тармағының құрылысы үшін жер учаскесін алу туралы азаматтық іс бойынша шешімді қожайынның пайдасына шешкені үшін осыған дейін алған 100 мың теңге және 1 900 АҚШ доллары көлеміндегі парасын қайтару кезінде қылмыс үстінде ұсталды.

2019 жылдың 25 қазанында қылмыстық қудалаудан босатылған судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас Прокурордың келісімі алынды.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны