03.10.2019, 18:33 34959

Алматы қаласы Әуезов ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен полиция басқармасының лауазымды тұлғалары алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар бола отырып, олар әскери қызметтен кейінге қалдыру және азаматтарға әскери билет беру сылтауымен жалпы сомасы 470 мың теңге ақша қаражатын бірнеше рет алаяқтық жолмен иемденген деп күдіктелді.

Алматы. 3 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қаласы Әуезов ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен полиция басқармасының лауазымды тұлғалары алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша және Алматы қаласы Әуезов ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бөлім бастығының міндетін атқарушы мен полиция басқармасы кезекші бөлімінің инспекторы (жергілікті әскери басқару органына іссапарға жіберілген) қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар бола отырып, олар әскери қызметтен кейінге қалдыру және азаматтарға әскери билет беру сылтауымен жалпы сомасы 470 мың теңге ақша қаражатын бірнеше рет алаяқтық жолмен иемденген деп күдіктелді.

Қылмыстық іс прокурорға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені қарау үшін жолданды.

Күдіктілерге қатысты олардың кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны