02.11.2019, 14:16 7763

Алматы қаласында "Jastar Otanga" Республикалық инновациялық идеялар фестивалінің финалы өтеді

Жобаның мақсаты: Жастардың іскерлік белсенділігін және жұмыспен қамтылуын, бизнес-ойлауын дамытуға көмектесу, сондай-ақ жастардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау.

Нұр-Сұлтан. 2 қараша. Kazakhstan Today - "Bolashaq" Қауымдастығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамалар орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде "Jastar Otanga" Республикалық инновациялық идеялар байқауын іске асыруда.

Фестиваль Елбасының мемлекеттік бағдарламаларын, соның ішінде "Цифрлық Қазақстан-2020" бағдарламасын жүзеге асыру және дамыту мақсатында өткізіледі.

Жобаның мақсаты: Жастардың іскерлік белсенділігін және жұмыспен қамтылуын, бизнес-ойлауын дамытуға көмектесу, сондай-ақ жастардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау.

Жобаның міндеттері Жастарды қоғамдық өмірге тарту тетіктерін әзірлеу, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту және стартаптардың экожүйесін құру, жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін және нетворкинг ұйымдастыру үшін жағдай жасау болып табылады.

Қатысушылардың негізгі идеялары: IT, медицина, қалдықтарды қайта өңдеу, қызмет көрсету саласы, ауыл шаруашылығы, энергетика, машина жасау, ақылды технологиялар және өтінім қорытындысы бойынша басқа да бағыттарда болды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны