04.03.2020, 12:39 3522

Алматы қаласының бас имамы халыққа діни жоралғылар бойынша өтетін жиындар мен тойларды уақытша өткізбеуге кеңес берді

Бүгінде Алматы қаласында 51 мешіт қызмет жасап отыр. Бас имамның айтуынша, жұма намазында және басқа да жиындарда халыққа тазалық шараларын сақтау керектігі түсіндіріліп айтылуда.

Алматы. 4 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы қаласының бас имамы халыққа діни жоралғылар бойынша өтетін жиындар мен тойларды уақытша өткізбеуге кеңес берді.

Бұл туралы коронавирустың алдын алу мақсатында аймақтық штаб өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Керімбекұлы айтты. Аталған індет қазір біздің елімізде тіркелген жоқ.

"Құдай сақтасаң сақтайды деген. Көп адам шоғырланатын жерлерде сақтаны және көп адам жиналатын дәстүрлі шараларымызды да мүмкіндік болатын болса кейінге қалдырғанымыз дұрыс секілді. Кейбір тойларамыз бар немесе ас, садақаларымыз бар, оған шариғат ешқандай тиым салмайды. 40 күніне берілмесе де, осы жағдайға байланысты кейін берсе Алланың құзырында ол қабыл болады. Сондықтан, меніңше, азаматтар бұған құлақ асу керек", - деді дін өкілі өз сөзінде.

Бүгінде Алматы қаласында 51 мешіт қызмет жасап отыр. Бас имамның айтуынша, жұма намазында және басқа да жиындарда халыққа тазалық шараларын сақтау керектігі түсіндіріліп айтылуда.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус індетінің таралуы барша әлемді алаңдатып отырған басты мәселеге айналды. Елімізде де бұл жағдай жіті бақылауға алынған. Осы орайда аталған мәселені бақылап отырған аймақтық штаб мүшелері қауіпсіздік шараларын сақтау үшін қандай шаралар қолға алынғаны жайлы арнайы брифингте айтылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны