13.03.2020, 21:36 4099

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі қала тұрғындарын сабырлыққа шақырды

Р. Алшанов қала тұрғындарын сабыр сақтауға, үрейден аулақ болуға, сондай-ақ бетперде, дәрі-дәрмектер, азық-түлік өнімдерін үлкен көлемде сатып алмауға шақырды.

Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі қала тұрғындарын сабырлыққа шақырды.

Алматыда қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың қатысуымен жұртшылық пен БАҚ өкілдерімен коронавирус инфекциясының әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша әкімдік қолға алынған шаралар мен ағымдағы жағдай мәселелерін талқылау бойынша кездесу өтті.

Жиында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, "Тұран" университетінің ректоры Рахман Алшанов әкімдіктің мегаполис аумағына COVID-2019 әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды жүзеге асырудағы жұмысына сараптамалық баға берді.

"Біз жоғары мобильділікті көріп отырмыз. Құрылымдар құрылды, бағдарламалар, алдын алу шараларының қағидаттары әзірленді. Ауруханалар мен санаттар анықталды. Бұл бір жағынан қалалықтардың үрейін сейілткенімен, біз босаңсып қалмауымыз керек. Кейбір сұрақтар нақтылауды талап етеді. Сондықтан Қоғамдық кеңес өз кезегінде жағдайды бақылауда ұстайтын болады", - деді Р. Алшанов.

Сонымен қатар, ол мұндай қиын-қыстау кезеңді сәтті еңсеру үшін қала әкімшілігі мен халық арасында бірлескен іс-қимылдар қажет екенін атап өтті.

Р. Алшанов қала тұрғындарын сабыр сақтауға, үрейден аулақ болуға, сондай-ақ бетперде, дәрі-дәрмектер, азық-түлік өнімдерін үлкен көлемде сатып алмауға шақырды.

"Үрей тудырмау үшін тұрғындардың барлығына сабырлықпен қарауы маңызды", - деп қорытты сөзін Рахман Алшанов.

Сонымен қатар, жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында келесі алдын алу шараларын ұстану ұсынылады:

- қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;

- спирттік антисептиктерді қолданыңыз;

- адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ жүру;

- сырқат адамдармен қатынаста болмау;

- суық тию белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) жедел жәрдем шақыру қажет.

Анықтама үшін 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы call-орталық жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны