19.03.2020, 19:19 5608

Алматы қаласының сыртқы периметрі бойынша 27 блок-бекет қойылады

"Қалада коронавирусты жұқтыру ошақтары бар. Басты міндет - жұқтыру тізбегін бұзу, карантин режимін сақтау, қалада вирустың таралуына жол бермеу және оны басқа өңірлерге экспорттауға шектеу қою", - деп атап өтті әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету жөніндегі Өңірлік штаб мүшелері қалалық құрылымдардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру ошағы аймағындағы іс-қимыл алгоритімінің орындалу дайындығын тексерді.

Алматы қаласының сыртқы периметрі бойынша 27 блок-бекет қойылады. Сонымен қатар, жұқтыру ошағының аймақтары анықталып, сол жерде дезинфекция мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау шаралары жүргізілуде.

"Қалада коронавирусты жұқтыру ошақтары бар. Басты міндет - жұқтыру тізбегін бұзу, карантин режимін сақтау, қалада вирустың таралуына жол бермеу және оны басқа өңірлерге экспорттауға шектеу қою", - деп атап өтті әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Жұқтыру ошақтарын оқшаулау құқық қорғау органдарының, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, медициналық ұйымдардың, аудан әкімдіктерінің және ПИК күшімен бірлесіп жүргізілетін болады. Карантин кезінде ошақ тұрғындарына 14 күннен кем емес өзін-өзі оқшаулау қажет. Жұқтыру ошағының аймақтарында бақылау-өткізу пункттері орнатылады. Карантиндік аймақтың ішінде қозғалысты шектеу көзделген.

Медицина қызметкерлері ошақ аймағында тұратын адамдардың денсаулығы бойынша мониторинг жүргізетін болады.

Ошақ аймағында дүкендер мен дәріханалардың жұмысы, сондай-ақ карантиндегі пәтер/үйлерге қызмет көрсететін бекітілген әлеуметтік қызметкерлер де (азық-түлік, дәрі-дәрмек және бірінші кезекте қажетті заттарды жеткізу, коммуналдық қызметтерді төлеу, кредиттер және т. б.) көмекке келмек.

Қажеттілігіне қарай медициналық және қажет болған жағдайда апаттық қызмет жүйесімен де қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, аудандық әкімдіктер халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін тұлғаларға көмек көрсетеді.

Аудан әкімдіктеріне сондай-ақ ошақтың аймағында тұратын қала тұрғындарының арасында коронавирустық инфекция қоздырғышы және соған қарсы жүргізілетін шаралар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Ол үшін аудандық әкімдіктердің өкілдері ПИК-пен, әлеуметтік қызметкерлермен бірлесіп аумақты аралап шығады.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияны бақылаудың күрделілігін ескере отырып, COVID-2019 ошақтары аймағының тұрғындарына Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау қажет.

Коронавирстік инфекцияны жұқтырған науқастармен байланыста болған азаматтар отбасында, жұмыс (оқу орны) бойынша СОVID-2019 жұқтырған аурулармен соңғы байланыста болған сәттен бастап инкубациялық кезең мерзіміне (14 күн) өзін-өзі оқшаулаудың қатаң режимін сақтау қажет. (Көшеге шықпай, үй карантинінде болу);

- Отбасының барлық мүшелерінің денсаулығына бақылау жүргізу;

- ЖРВИ белгілері (тұмау, дене қызуының көтерілуі, жөтел) пайда болған жағдайда жедел жәрдем бригадасын үйге шақыру керек.

Алматы қаласының тұрғындары міндетті түрде:

- ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес және Алматы қаласы әкімінің қаулысы бойынша төтенше жағдай режимін қатаң сақтау;

- Қажеттілік туындамаса, көшелерге шықпау және қоғамдық көлікке отырмау;

- Өз денсаулығы мен отбасы мүшелерінің жағдайын бақылау;

- ЖРВИ белгілері (тұмау, дене қызуы, жөтел) пайда болған жағдайда жедел жәрдем бригадасын (учаскелік дәрігерді) үйге шақыру;

- Тамақ өнімдері мен дәрілік заттарды сатып алу үшін тек аудан әкімдіктері белгілеген сауда нүктелері мен дәріханаларға бару керек.

Бұған дейін ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен Алматы қаласының аумағында Алматы қаласында қосымша шектеу, індеттің алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар енгізілді. 2020 жылдың 19 наурызында сағат 00.00-ден бастап Алматыда эпидемияға қарсы ауқымды санитарлық іс-шараларды жүзеге асыру арқылы карантин енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны