24.03.2020, 23:42 6922

Алматы кәсіпкерлері #BizВirgemiz акциясына қосылуға шақырады

Бүгінгі таңда қалада жарияланған төтенше жағдайға байланысты карантин кезінде кейбір жекелеген тұрғындарға көмек ауадай қажет болып тұр. Қалада жедел түрде әдеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың тізімі жасалды.

Алматы. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы кәсіпкерлері #BizВirgemiz акциясына қосылуға шақырады.Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте қалалық "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов мәлімдеді.

Бүгінгі таңда қалада жарияланған төтенше жағдайға байланысты карантин кезінде кейбір жекелеген тұрғындарға көмек ауадай қажет болып тұр. Қалада жедел түрде әдеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың тізімі жасалды.

Қала кәсіпкерлері, жалпы қазіргі ахуалға бей-жай қарамайтын елдегі барлық азамат бұл іске жұмыла кірісуде. Әрине, бұдан "Атамекен" ҰКП қоры да тыс қалмақ емес. Қазірдің өзінде бірқатар кәсіпкерер үн қосты.

"Олардың қатарында Қазақстан Халық банкі медицина қызметкерлерін қолдау үшін 100 млн. теңге бөлді. "Resmi" компаниясының президенті Мәжібаев Қайрат Наурыз-тарту ретінде, Қазақстанның 18 қаласында тұратын қарт адамдарға 5000 азық-түлік себетін таратуды ұйымдастырды", - деді Нариман Әбілшайықов.Азық-түлік себеттері екі санаттағы жандарға, атап айтсақ, көпбалалы отбасылар мен жалғызілікті қарттарға тарату көзделген.

"Дәл қазіргі сәтте қомақты қаражат жинауымыз керек болып тұр. "Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып" жұмыс істейтін болсақ, біз бұл мақсат үдесінен шығатынымыз сөзсіз. Сондықтан барлық кәсіпкерді #BizВirgemiz акциясына қосылуға шақырамыз. Кімде-кім көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, қаржылай көмектесемін десе, "Атамекен" сайтында "Жаңа Алатау" қорының реквизиттері бар", - деп атап өтті Н.Әбілшайықов.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны