11.03.2020, 15:52 2744

Алматы әкімі қауіпті аймақтардан келген адамдарды бақылауды күшейтуді тапсырды

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен аппарат жиналысында мегаполис аумағында коронавирусты инфекцияның келуі мен таралуына жол бермеу бойынша эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру барысы қаралды.

Алматы. 11 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы әкімі қауіпті аймақтардан келген адамдарды бақылауды күшейтуді тапсырды.

Алматы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров қаланы дезинфекциялау құралдарымен жабдықтау жұмыстарын сынға алды

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен аппарат жиналысында мегаполис аумағында коронавирусты инфекцияның келуі мен таралуына жол бермеу бойынша эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру барысы қаралды.

Бүгінде әлемнің 103 елінде COVID-2019 ауруы тіркелген. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі өңірлік штабтың төрағасы - Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполисте эпидемиологиялық жағдайдың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Алматыда коронавирустық инфекцияның келуіне жол бермеу шаралары күшейтілді. Келген халықаралық рейстерді бақылау бойынша жұмыс жалғасуда. Күн сайын 25 санэпидемиолог және 8 санитарлық-карантиндік бақылау қызметкері жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап 1140-тен астам әуерейске қызмет көрсетілді. 250 мыңнан астам жолаушы декларацияланды. Бүгінде медицина қызметкерлерінің бақылауында 12412 адам бар. Қауіпті елдерден келгендер оқшауланды, оларды орналастыру үшін мамандандырылған медициналық нысандар қарастырылған. Коронавирусті анықтауға алынған 690 сынақ нақтыланған жоқ. Бұл ретте ЖРВИ мен тұмаудың 23 жағдайы тіркелді.

Коронавирус таралған елдерден келген еңбек мигранттарына рұқсат беру жұмысы тоқтатылды.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық бұйымдар мен жеке қорғану құралдары бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жұмыс жүргізілуде.

Профилактика аясында барлық қоғамдық орындарды қолды жуу және өңдеу үшін санитайзерлермен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді. 202 мектепте, 183 балабақшада, қосымша 18 білім беру ұйымдарында, 20 колледжде 1859 бірлік антисептик орнатылды. Метрополитенде де жұмыстар басталды.

Сонымен қатар, штаб төрағасы Е. Бабақұмаров бүгінгі күні дезинфекциялық және антисептикалық құралдармен жабдықтау жұмыстары барлық ұйымдарда аяқталмағанын атап өтті. Жеке меншік білім беру мекемелері, университеттер, базарлар, ХҚКО, мешіттер, банк пен Қазпошта бөлімшелері, автовокзалдар, қонақ үйлер, кинотеатрлар, қоғамдық көлікті сынға алды. Олар Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің деректерін, зарарсыздандыру және антисептикалық өңдеу жөніндегі базалық ұсыныстарды толық көлемде орындамайды.

Жиынды қорытындылай келе, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды сапалы жүзеге асыру бойынша барлық шараларды қоса беруді, қауіпті аймақтардан келетін адамдарды бақылауды күшейтуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны