17.02.2021, 22:21 12478

Алматы әкімі тұрғындардың шағымынан кейін көпқабатты үйдің құрылысын тоқтатты

Сағынтаев нүктелі құрылыстар туралы айтқан алматылықтардың шағымдарын тыңдап, мәселе шешімін тапқанша көпқабатты үйдің құрылысын тоқтатуға бұйрық берді.
Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев нүктелі құрылыстар туралы айтқан алматылықтардың шағымдарын тыңдап, мәселе шешімін тапқанша көпқабатты үйдің құрылысын тоқтатуға бұйрық берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Есептік кездесу кезінде алматылық Толқын Орайханова Назарбаев даңғылындағы №№ 176 мен 220/3 үйлердің тұрғындары атынан нүктелі құрылыс салу мәселесіне қатысты сұрақ қойды. Бұл туралы әкім өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
 

Ол жерге барып, тұрғындар және құрылысшылармен кездестім. Екі тарапты да тыңдап, туындаған жағдайды егжей-тегжейлі анықтауды тапсырдым. Мәселе шешімін тапқанша құрылыс жұмысы тоқтай тұрады", - деп атап өтті әкім.

 
Еске салсақ, бүгін қала әкімі Б. Сағынтаевтың "Aлматы диалогы 2.0" тұрғындар алдындағы есептік кездесуі онлайн режимінде өтті. Алматылықтар жолдарды, әлеуметтік нысандарды және қоғамдық кеңістіктерді салудың мерзімі толғандыратынын көрсетті. Сондай-ақ экология, көгалдандыру, қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікірлер айтылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны