14.02.2020, 00:39 6861

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша Медеу ауданында 279 көше мен 27 аулада жарық орнатылады

Еске салсақ, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев 2020 жылдың соңына дейін қаланың барлық аумағында көше жарығын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша Медеу ауданында 279 көше мен 27 аулада жарық орнатылады.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мегополис көшелерін жарықтандыру бойынша тапсырмасының орындалу барысы туралы хабарлады.

Еске салсақ, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев 2020 жылдың соңына дейін қаланың барлық аумағында көше жарығын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

"Қала әкімінің тапсырмасы аясында, біз өткен жылы түгендеу жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде, көше жарығы жұмыс істемейтін жекелеген учаскелер бойынша көптеген көшелер анықталды. Өткен жылы 19 көшенің сыртқы жарықтандыру желісінің құрылысы аяқталып, 1084 бірлік жарық желісімен қамтамасыз етілді", - деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Сонымен қатар, Медеу ауданының әкімі қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасын орындаудың екінші кезеңінде ағымдағы жылы 279 көшеде және 27 аулада 6200 бірлік жарық нүктесін орнату, ал жеке учаскелерде жарықтандыру жоспарланғанын хабарлады. Бұдан өзге, жарықтандыру мәселесімен қатар күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталады.

Брифинг барысында Сұлтанбек Мәкежанов жарықтандырылмаған көшелер тақырыбы әлеуметтік желілерде халықпен талқылау барысында анықталғанын атап өтті.

Алматы қаласының Медеу ауданының аумағында 59 жол жөнделеді.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы алаңында Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов мәлімдеді.

Еске салсақ, 5 шілдеде өткен көшпелі жиналыста қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада орташа жөндеуден өткен жолдардың санын арттыруды тапсырды.

Осы мақсатта ағымдағы жылы Медеу ауданында жолдарды күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.

"Өткен жылы барлық 59 жолды күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлінді. Бұл жоба тұрғындармен бірнеше рет талқыланды. Біз мамыр, маусымға дейін оң мемлекеттік сараптама алып, жазда толық асфальттау қарастырылған жерлерде күрделі жөндеу жұмыстарын бастаймыз деп болжаймыз", - деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Бұдан өзге, ол жолдарды күрделі жөндеуден өткізуге бақылау жасау аудан тұрғындарымен бірге жүргізілетінін атап өтті.

Бүгінде аталған мәселені толық шешу мақсатында қалалық мобильдік басқармасымен осы көшелерді күрделі жөндеу және абаттандыру жобасы әзірленуде.

Сонымен қатар, ауа райы жылып, тұрғындар саз-батпақ кешуі мүмкін. Бұл мәслені болдырмау үшін қиыршық тас себу жүзеге асырылады.

Алматының Медеу ауданында 200 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарлануда.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы алаңында Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов айтты.

Еске салсақ, 2019 жылдың 15 тамызында ҮЕҰ және қала белсенділерінің қатысуымен өткен қаланы көгалдандыру жөніндегі кеңесте Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев "Jasyl Almaty" 3-жылдық жоспарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді және 2020-2022 жылдар аралығында 1 млн. ағаш отырғызуды тапсырды.

Осыған байланысты Медеу ауданы әкімдігімен аудан дамуының әртүрлі бағыттары бойынша, соның ішінде көгалдандыру, қоршаған ортаны қорғау және экология мәселелері көрініс табатын "Медеу-2023" Стратегиялық жоспары әзірленуде.

"Жоспар аясында біз үш жылдың ішінде 180-200 мың ағаш отырғызуды көздейміз. Отырғызылатын орындар да анық. Өткен жылы Жасыл экономика басқармасымен Көк-төбе аумағында 100 мыңға жуық бұталар мен жас көшеттер отырғызылды", - деді С.Мәкежанов.

Сонымен қатар, ол өткен жылдың соңында Көк-төбеде күтім көрмеген көшеттерді қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілгендігін атап өтті. Аталған мәселе Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы мен Медеу ауданы әкімдігінің бақылауында. Оған қоса, күтім жұмыстарының басқа нұсқалары да қарастырылуда.

Медеу ауданының даму бағдарламасы қала басқармаларында талқыланып бекітілген соң, ағымдағы айда аудан тұрғындары арасында қоғамдық талқылауға шығарылады.

Брифинг барысында хабарланғандай, Шығыс айналма жолының бойында, Халық арена аумағында, Жарбұлақ, Есентай, Кіші Алматы және т.б. өзендерінің бойында көшеттерді отырғызу бойынша жаңа учаскелер бөліну жоспарлануда. Сондай-ақ, Бутаковка аумағында да учаскелер анықталды. Сонымен қатар, Медеу ауданының даму жоспары аясында ауданда орналасқан өзендердің аумағын абаттандыру жоспарлануда.

Жалпы Алматы қаласы бойынша ағымдағы жылдың көктемгі кезеңінде 330 мың ағаш отырғызу жоспарлануда. Бүгінде ағаш отырғызу орындары мен сұрыптары анықталды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны