20.01.2021, 18:37 17425

Алматы метрополитенінің директоры ауысты

Алматы. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы метрополитенінің директоры тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Метрополитен" КМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Алматы қаласы "Метрополитен" КМК-нің басшысы болып Сағындық Телібаев тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов таныстырды. Ол қала әкімінің метрополитен алдында бірқатар нақты тапсырмалар қойғанын атап өтті. Бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру, қаупсіздік деңгейін көтеру, жолаушылар ағынын ұлғайту. 
 
Бұдан басқа, ол Телібаевтың тәжірибелі басшы екенін, көлік саласында жұмыс өтілі үлкен екенін атап өтті және метрополитеннің толығымен одан әрі дамуына жеке көңіл бөлу керек екеніне тапсырма берді.
 
Өзінің еңбек қызметін Сағындық Телібаев метрополитеннен "Алматыметроқұрылыс" АҚ күрделі құрылыс бөлімінің тау-кен техникалық инспекторы лауазымынан бастады, Алматы қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Алматы қаласы салынып жатқан метрополитен дирекциясы" МКК күрделі құрылыс бөлімінің тау-кен күрделі жұмыстар жөніндегі жетекші инженері, Алматы қаласы "Метрополитен" КМК техникалық бөлімінің техникалық құжаттама жөніндегі жетекші инженері болып жұмыс істеді.
 

Мемлекеттік қызметші болуын Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жол инфрақұрылымы бөлімінің маманынан бастады. Соңғы бірнеше жыл бойы Қалалық мобилділік басқармасы басшысы болып жұмыс істеді", - деп хабарлайды "Метрополитен" КМК баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны