06.09.2016, 21:59 10905

Almaty Mount Fest қаланыӊ туристік әлеуетін дамытуға серпін береді

Алматыда қыркүйектіӊ 9 мен 11 аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы және қаланыӊ 1000 жылдығы шеӊберінде Almaty Mount Fest 2016 атты халықаралық тау фестивалі өтеді, деп хабарлайды іс-шараны ұйымдастырушылар.

Алматы. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда қыркүйектіӊ 9 мен 11 аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы және қаланыӊ 1000 жылдығы шеӊберінде Almaty Mount Fest 2016 атты халықаралық тау фестивалі өтеді, деп хабарлайды іс-шараны ұйымдастырушылар.
Фестиваль мақсаты - халықаралық туризм нарығында Алматыны алға жылжыту, тау шаӊғысы курорты мен экстремалды тау спорты түрлерін дамытуға саяды.
"Almaty Mount Fest қаланыӊ туристік әлеуетін дамытуға серпін береді, ал мұныӊ Бүкілдүниежүзілік 28-ші қысқы Олимпиада қарсаӊында аса маӊызға ие. Алматы Орталық Азиядағы мойындалған тау шаӊғысы астанасы болып табылады және фестивальді ұйымдастырушы Қазақ Географиялық Қоғамы туризмді дамытушы және шетелдерде Қазақстанныӊ имиджін алға жылжытушы көшбастаушылардыӊ бірі екені маӊызды", - деді бүгін өткен баспасөз мәслихатында Алматы әкімдігініӊ Туризм және сыртқы байланыстар басқармасыныӊ басшысы Тимур Дүйсенғалиев.
"Almaty Mount Fest туралы сөз қозғай отырып біз бірінші кезекте бұл осындай алғашқы іс-шара екенін айта кеткеніміз жөн. UpHILL және DownHILL секілді бүгінгі күні дүниежүзі бойынша танымалдығы артып отырған тау спорты түрлерініӊ бәрін жинау идеясын экстремалдық туризм түрлеріне ден қойған адамдардыӊ шоғыры ортаға салып отыр. Біздіӊ мақсатымыз осы атлеттердіӊ көмегімен қарапайым азаматтарды осы салаға тарту", - деді Тимур Дүйсенғалиев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны