22.07.2018, 20:34 5397

Almaty Mount Forum III Халықаралық тау форумы қатысушылары тау туризмі мен бұқаралық спортты дамыту перспективаларын талқылады

20 шілде күні Алматы қаласыныӊ маӊындағы Шымбұлақ тау шаӊғы курортында International Mountain Sports Festival халықаралық тау және спорт фестивалі аясында халықаралық тау форумы өтті.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan Today - 20 шілде күні Алматы қаласыныӊ маӊындағы Шымбұлақ тау шаӊғы курортында International Mountain Sports Festival халықаралық тау және спорт фестивалі аясында халықаралық тау форумы өтті. Форум тақырыбы: "Алматыда тау туризмі мен бұқаралық спортты дамыту тетіктері: бүгін және ертеӊ".Қазақстанныӊ оӊтүстік астанасында үшінші рет өткізілген дәстүрлі іс-шара саланыӊ жетекші мамандарыныӊ басын қосты. Форумныӊ қатысушылары мен қонақтары тау туризмініӊ жаһандық нарығыныӊ дамуы, Алматы қаласыныӊ осы нарықтағы рөлі мен орны, туризм индустриясыныӊ қала және өӊір экономикасын дамытуға әсері, сондай-ақ туризм индустриясындағы қоғамдық ұйымдар мен шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпорындар ұшырасатын проблемалар мен кедергілерді талқылады.

Ұйымдастырушылардыӊ айтуынша, Қазақстандағы тау туризмін дамытудағы негізгі проблемалардыӊ бірі -тау туризмі ұғымын және оған қандай белсенділік түрлерініӊ әсер ететінін бастапқыдан дұрыс түсінбеу. Тау туризмі біздіӊ түсінігіміздегідей тек қана жолдорбамен саяхат және шаӊғымен сырғанау ғана емес.Бұл жастардыӊ экстремалды қызығушылықтары, жануарлар мен құстарға қарау, астрономиямен айналысу, аспаздық саяхат және шарап дегустациясы,балалар мен жасөспірімдерге арналған белсенділік іс-шаралары және тағы басқалар.

Тау туризмі бойынша әлемніӊ көшбасшы елдерініӊ туризм саласын дамытуда қандай қадамдарға барғаны туралы белгілі мамандар мен сарапшылар - форум қонақтары баяндады. Франция жеріндегі Les Portes du Mont Blanc тау шаӊғы курортыныӊ бас директоры Лукас Маршанд тау туризмін дамытудыӊ еуропалық тәжірибесімен бөлісті. Австриядан келген қонақ, Skiworld-pro компаниясыныӊ бас директоры және Жоғарғы Австрия тау шаӊғы қауымдастығыныӊ қоғаммен байланыс жөніндегі кеӊесшісі Кристоф Гизауэр форум қатысушыларын кәсіби шаӊғы туризміне баулудағы жаӊа перспективалармен таныстырды, мұнымен қатар өз Отанында тау шаӊғы курорттарыныӊ әлеуетін тек қыста мезгілінде ғана емес, жазда да пайдаланудыӊ мысалдарын келтірді.

Ал, әлемніӊ 140 еліне ат басын тіреп үлгерген танымал швед саяхатшысы, Халықаралық табиғатты қорғау және жақында құрылған Snow Leopard Foundation қорларыныӊ елшісі Йохан Нильсон тау туризмін насихаттауға танымал тұлғаларды тарту тәжірибесі тақырыбында сөз сөйледі.

Туризмді насихаттау қонақүй инфрақұрылымын және қоғамдық тамақтандыру саласын дамыту шараларынсыз мүмкін емес, осы мақсатта форум ұйымдастырушылары тиісті сарапшыларды да іс-шараға шақырды. "Horeca Kazakhstan" мейрамхана және қонақ үй бизнесі кәсіпорындарыныӊ президенті Игорь Копайлов таулы курорттар жағдайында мейрамхана бизнесін дамытудыӊ ньюанстарына тоқталды.

Алматы қаласы әкімдігініӊ өкілдері де шаһардағы тау туризмін дамыту перспективалары туралы өз пікірімен бөлісті. Өз еліндегі тау туризмініӊ гүлденуіне бей-жай қарамайтын қазақстандықтар, сондай-ақ шет елдердегі тау демалысы фанаттары форумдағы орын алып жатқан оқиғаларды әлеуметтік желілер және youtube-арнасындағы трансляция арқылы тамашалауға мүмкіндік алды. 2017 жыл соӊындағы мәліметтерге сәйкес,

Алматы мен Алматы облысына келетін шетелдік туристердіӊ саны айтарлықтай өскен, осы кезекте туристерді тартуда үлкен жетістікке Almaty Mount Forum 2017 форумы аясындағы спикерлердіӊ ұсыныстары мен стратегиялары маӊызды рөл атқарды.

Форум ұйымдастырушылары аталмыш іс-шаралар жетегінде Алматы әлемдік туристер көзқарасында танымалдылыққа ие болады деп сенеді және халықаралық тау форумы халықаралық туризм нарығын, тау шаӊғы курорттарын және тау спорты түрлерін дамытуды талқылау үшін беделді әлемдік алаӊға айналады деп үміттенеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны