05.06.2020, 13:55 9042

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасауда күдікті болды

ЖШС өкілінен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім-шарт сомасынан шамамен 33 миллион теңгеге жуық (32 543 424 теңге) аса ірі көлемде пара алуда және беруде күдікке ілінді

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan Today - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасауда күдікті болды.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша облыстың Қарасай ауданы әкімінің орынбасары мен ЖШС өкіліне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар Алматы облысы Қарасай ауданындағы "Жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы шамамен 660 млн теңге (656 075 430 теңге) болатын 2-кезекті құрылыс нысанын салуда жалпы қамқорлығы үшін ЖШС өкілінен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім-шарт сомасынан шамамен 33 миллион теңгеге жуық (32 543 424 теңге) аса ірі көлемде пара алуда және беруде күдікке ілінді.

Тергеу жалғасуда.

Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны