19.07.2019, 19:57 10063

Алматы облысы бойынша көп күндік "Киелі Қазақстан" экспедициясы аяқталды

Есіктегі тарихи-мәдени қорық мұражайына барып, Батанға барар жолда Түргендегі Аюлы сарқырамасына соқты. Ары қарай экспедиция мүшелері Қазақстандағы ең көрікті жерлердің бірі - Қайрақ сарқырамасына барып, жолда Шыңтүрген ежелгі қыналы шыршаларын тамашалап Ой-Қарағайға жол тартты.

Нұр-Сұлтан. 19 шілде. Kazakhstan Today - "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында өтіп жатқан "Киелі Қазақстан" Алматы облысы бағыты бойынша экспедиция соңғы аялдамасын Қайынды көлінде келіп жасады. Экспедиция тобы 1 шілдеде Алматы қаласынан шыққанын естеріңізге сала кетейік. 12 күнде қатысушылар Алматы облысына барып қайтты.

Экспедиция құрамы тәжірибелі саяхатшылардан, туроператор өкілдері мен қазақстандық тревел-блогерлерден, сондай-ақ Kazakh TV телеарнасының "Across the Central Asia" және "Outdoor KZ"түсіру командаларынан құралған.

Экспедицияның алғашқы күндері Алматы облысындағы Есік қаласы мен Батан ауылында өтті.Қатысушылар алдымен Есіктегі тарихи-мәдени қорық мұражайына барып, Батанға барар жолда Түргендегі Аюлы сарқырамасына соқты. Ары қарай экспедиция мүшелері Қазақстандағы ең көрікті жерлердің бірі - Қайрақ сарқырамасына барып, жолда Шыңтүрген ежелгі қыналы шыршаларын тамашалап Ой-Қарағайға жол тартты.

Ары қарай экспедиция Дон-Жайләу мен Асы үстіртіндегі обсерватория, Қара Арша шатқалы, Жіңішке өзеңіне, Аманжол асуына барып, соңынан Алматы облысының көрікті жерлері: Көлсай менҚайынды көлдерін көрді. Сондай-ақ саяхатшылар Шелек өзенінің аңғарына түсті.

"Бүгінде табиғаты бай Қайынды мен Көлсай көлдерітуралы аңыздар шетелдерде де аса танымал. Бұл факт осы аймақтың туристік әлеуетіне ықпал ететіні сөзсіз. Саяхатшылар жыл сайын Сатыдан осы жерлерге барып жатады, Сонымен қатар олар жергілікті тұрғындардан аттармен турларда қатысып жатады", - деді"Киелі Қазақстан" экспедициясының жетекшісі Виталий Пашков.

"Осымен кең-байтақ Алматы облысы мекендерімен өткен кезекті маршрутымыз аяқталды. Біз далалы аймақтарда тұрып, шынында ата-бабаларымыздың ізімен өттік десек артық айтқанымыз емес. Және мұндай үлкен қашықтықтарды бағындыру үшін ептілік пен дайындық керек екенін аңғардық. Бір команда болып қиындықтардың бәрінен бірге өттік. Бізбен болғандарыңызға көп рақмет! Алда "Across the Central Asia" бағдарламасында кездескенше" - деп экспедиция қатысушысы, Азиза Айбадуллина, бөлісті.

"Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2017 жылы шілдеде құрылған. Компанияның негізгі міндеттері: еліміздің туристік әлеуетін шетелде насихаттау, сонымен қатар Қазақстанның туристік саласына инвестиция тарту.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны