Система Orphus

Алматы облысы Талғар ауданының лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

03.04.2020, 16:12 3214

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысы Талғар ауданының Панфилов селолық округының бұрынғы әкімі мен Талғар ауданының лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талғар ауданының Панфилов селолық округының бұрынғы әкімдері мен Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар заңсыз шешім шығаруда, сондай-ақ, Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан санитарлық қорғау және су қорғау аймақтарындағы жер телімдеріне мемлекеттік акт жасауда жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.

Күдіктілер кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны