16.10.2019, 23:03 12519

Алматы облысына биыл тағы төрт бүркіт еркіндікке жіберілді

Осы жылдар ішінде тәлімбақта 7000 ителгі (сокол-балобан) өсіріліп табиғи ортаға жіберілген. Онда жалпы Қазақстан аумағында тіршілік ететін құстардың 25 түрі өсіріледі.

Алматы. 16 қазан. Kazakhstan Today - 2019 жылдың 11 қазанында Алматы қаласында "Сұңқар" тәлімбағында өсірілген бүркіт балапандарын жабайы табиғат аясына шығару рәсімі өтті.

Бүркіт балапандарын өсіріп, кейін оларды жабайы табиғат аясына жіберуге арналған әлеуметтік жоба "Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақтап қал" атты бүркіттерді қорғау бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.

"Сұңқар" - жабайы құстарға арналған Қазақстандағы жалғыз жабайы құстар тәлімбағы. 1989 жылдан бастап сирек кездесетін жабайы құстарды өсірумен және сақтаумен айналысып келеді.

Тәлімбақ директоры Ашот Анзоровтың айтуынша, сол кезде БҰҰ-ның бағдарламасына қамтылу үшін құрылған тәлімбақ кейін бастамашыл топтың ынтагерлік жобасына айналды. Оны қазір кезінде тағы да осындай атаумен құрылған құрылыс компаниясы қаржыландырады.

Осы жылдар ішінде тәлімбақта 7000 ителгі (сокол-балобан) өсіріліп табиғи ортаға жіберілген. Онда жалпы Қазақстан аумағында тіршілік ететін құстардың 25 түрі өсіріледі.

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің арнайы лицензиясымен шетелдерге де құс сату мүмкіндігіне ие. Бірақ одан тапқан қаражат энтузиазмға негізделген тәлімбақтың іс-қызметін қамтамасыз етуге мүлдем жетіспейді, дейді Ашот Анзоров

Соңғы жылдар ішінде тәлімбақта 25 бүркіт балапаны өсірілді. Олар жабайы табиғатта өмір сүруге үйретіліп, арнайы торқоршауларда жаттықтырылды, нәтижесінде олар өз бетімен өз азығын табуға үйренді.

Ал осы жолы еркіндікке тағы 4 жас бүркіт жіберілді. Осылайша соңғы 7 жыл ішінде бағдарлама аясында өсіріліп, еркіндікке жіберілген жас бүркіттердің жалпы саны 29-ға жетті.

Биыл 4 құс Алматы облысындағы төрт жерге жеке-жеке жіберілді. Оған құстың жем базасының биылғы тапшылығы себеп болып отыр, дейді директор. Бірақ бала құстарды бірден бостандыққа жіберуге болмайды. Алдымен табиғатқа бейімдеу керек. Ол үшін құстар вольерлерге жіберіліп, адаммен қарым-қатынасы тоқтатылады. Бүркіттің балапандары табиғатқа 4-5 айлығында жіберіледі. Оған дейін олар, аталық және аналық бүркіттен бөлектендіріліп, екі айға жуық уақыт жеке үлкен вольерлерде ұсталынады. Ондағы мақсат - жас бүркіттерді табиғат заңдылығына барынша бейімдеу.

Вольерлердің аумағы үлкен. Онда жас бүркіттер жоғары-төмен ұшып, қанаттарын қатайтады. Оларға қорек ретінде тауықтың балапандары, қояндар, зертханалық егеуқұйрықтар, кептерлер жіберіледі. Жас бүркіттер оларды аңдып, ұстап, қоректенуге үйренеді. Бір вольерде әдетте 1-2 бүркіттен болады.

Бүркіттер бостандыққа таңсәріде жіберіледі. Ондағы мақсат - күні бойы қоршаған ортаға бейімделу. Тәлімбақ қызметкерлері бұдан кейін оларды бірнеше күн қадағалап отырады. Оларға жем ретінде беретін қояндарды да ала кетті. Биылғы бірінші құс Алматы облысының Кеген ауданында босатылатын болды. Биыл балапандардың әрқайсысы бөлек жерде еркіндікке шығарылып, олардың әқайсысына арнап арнайы күн жұмсалады.

Сонымен, бағдарлама алғаш іске қосылған 2012 жылмен салыстырғанда Алматы облысындағы бүркіттер саны 3 есеге артқан.

"Эфес Қазақстан соңғы 7 жыл бойы жоғалып кету қаупінде тұрған еліміздің ұлттық нышанын аман сақтап қалуға арналған жобаны қолдап келеді. Біз жобаның табысты түрде жүзеге асылырып, нәтиже беріп жатқандығына қуаныштымыз. Биыл "Сұңқар" тәлімбағымен бірлесе ұйымдастырған экспедиция көрсеткендей, біздің еңбегіміздің арқасында Үлкен және Кіші Боғыт аумағындағы бүркіт популяциясы үш есеге дейін ұлғайды. Тағы 4 балапанды табиғат аясына жіберу арқасында олардың жалпы саны 4 есеге артпақ. Болашақта біз бұл жобаны ұлттық деңгейге шығаруды жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті "Эфес Қазақстан" ШС АҚ корпоративтік қатынастар жөніндегі директоры Шыңғыс Қаскеев.

Анықтама:

"Эфес Қазақстан" ШС АҚ 34 компаниядан тұратын Efes Beer Group сусындар өндіретін көп ұлттық топтың құрамына кіреді. Бизнестің әлеуметтік-корпоративтік жауапкершілігі компанияның ұзақ мерзімді тұрақты даму стратегиясының аса маңызды бөлігі ретінде танылған.

"Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақтап қал" жобасы. 2012 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда "Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақтап қал" атты бірегей жоба іске қосылды. Жоба Қызыл кітапқа енгізілген қазақстандық қырандардың (бүркіттердің) популяциясын қалпына келтіруге бағытталған. Жоба аясында бүркіттердің санына мониторинг жүргізіліп, олардың популяциясына ықпал ететін факторлар анықталды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны