22.03.2020, 22:57 3581

Алматы облысында 20 санитарлық пост қойылады

Дәл осындай тағы 4 пост бүгін Талдықорған қаласының маңында қойылады. Қалаға кірген адамдар арнайы сауалнама толтырады, олардың дене қызуы өлшенеді. Посттан өтетін әрбір азаматтың өзімен бірге жеке куәлігін алып жүруі маңызды.

Алматы. 21 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы облысында 20 санитарлық пост қойылады.

Алматы облысында коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында Алматы қаласынан шыға берістерге тәулік бойы жұмыс істейтін 16 санитарлық пост орнатылады. Бұл санитарлық посттарда тепловизорлары бар СЭС мамандары мен полиция жасақтары тұратын болады. Пост арқылы өтетін көліктердің барлығы дезинфекцияланады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Дәл осындай тағы 4 пост бүгін Талдықорған қаласының маңында қойылады. Қалаға кірген адамдар арнайы сауалнама толтырады, олардың дене қызуы өлшенеді. Посттан өтетін әрбір азаматтың өзімен бірге жеке куәлігін алып жүруі маңызды.

Атап өтсек, облыс аумағындағы республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы жолдар ашық, әзірге жабылмайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны