13.09.2021, 22:08 8490

Алматы облысында 3,5 мың оқушы мен мұғалім қашықтықтан оқытуға көшірілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 13 ҚЫРКҮЙЕК - Алматы облысында 220 мектептен 3,5 мың оқушы мен педагог қашықтықтан оқыту мен үй карантиніне ауыстырылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов мәлімдеді.
 

1 қыркүйектен бастап Алматы облысы бойынша балабақшалардың тәрбиеленушілері арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 18 жағдайы, оқушылар арасында 209 және педагогтар арасында 47 жағдай тіркелді. Қалалар мен аудандардың санитариялық дәрігерлері облыстың 120 мектебінің 244-сыныптарында карантин енгізу туралы 176 қаулы шығарды. 3,5 мың оқушы мен мұғалім үй карантиніне ауыстырылды", - деді Байжұманов.

 
Оның айтуынша, оқушылардың 90%-ы офлайн, 64 мың адам аралас форматта, 517 - қашықтықтан оқиды.
 
Байжұманов егер сыныпта оқушылардың бірі немесе мұғалім ауырып қалса, онда бүкіл сынып екі апталық карантинге ауыстырылатынын еске салды.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жаңа оқу жылы күндізгі форматта басталды. Бұл ретте, Kazakhstan Today агенттігінің сайтында жүргізілген сауалнама деректеріне сәйкес, қазақстандықтардың басым көпшілігі COVID-19 ауруының шыңы кезеңінде қашықтықтан оқытуды жалғастыру немесе ата-аналарға онлайн- және офлайн-оқытуды таңдау мүмкіндігін беру қажет деп санайды.
 
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны