Система Orphus

Алматы облысында коронавирус жұқтырған бір науқас ауруханаға жатқызылды

22.03.2020, 22:56 3052

Алматы. 21 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы облысында коронавирус жұқтырған бір науқас ауруханаға жатқызылды.

Алматы облысы Қарасай аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне "Короновирус инфекциясы" диагнозымен облыстың бір тұрғыны жатқызылды. Ол 17 наурызда Сауд Арабиясынан Ыстамбұл мен Бішкек арқылы ұшып келген. Бұл Алматы облысында тіркелген 1-ші, ал еліміз бойынша 53-і жағдай, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сырқаттың айтуынша, 19 наурыздан ауру белгілері байқала бастаған, ал 20 наурызда Қырғауылды ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға медициналық көмекке жүгінген. Дәрігердің қарауынан кейін науқас Қарасай аудандық ауруханасының инфекциялық бөіліміне жеткізіліп, оқшауланған палатаға жатқызылған. Зертханалық тексеру жүргізіліп, COVID-19 тексті оң нәтиже көрсеткен. Қазір сырқаттың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Науқастың 11 адаммен байланыста болғаны анықталды, соның 4-еуі - өз отбасының мүшелері, 3-еуі - құлшылыққа бірге барғандар, 2-еуі достары. Байланыста болған басқалары анықталуда, облыс аумағында тұратын, сырқатпен байланыста болғандар провизорлық стационарға оқшауланады.

Сапардан келгеннен кейін науқастың Жамбыл облысы мен Алматы қаласында байланыс жасаған азаматтары туралы мәліметтер тиісті органдарға берілді. Эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны