18.01.2021, 15:24 7454

Алматы облысында Үшарал-Достық тас жолы учаскесінде көлік қозғалысы жабылды

Нұр-Сұлтан. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - "Үшарал-Достық" республикалық маңызы бар автожол учаскесінде автокөліктердің барлық түрі үшін жол жабық, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылдың 15 қаңтарында сағат 09.00-ден бастап қатты жел, боран, бұрқасын, көрінудің шектелуіне байланысты Алматы облысының Алакөл ауданынында "Үшарал-Достық" (Көктұма а.-Достық а., 84-184 шақырым) республикалық маңызы бар автожол учаскеде автокөліктердің барлық түрі үшін жол жабылды", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

 
Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, әрі бақылауда. Жол қызметтері жолдарды тазалауда. Автожолда 9 жүк автокөлігі тұр, ал жүргізушілер "Достық" станциясында күтуде.
 

"Үшарал-Достық" авто және теміржол қатынасы Жоңғар қақпасы деп аталатын учаске арқылы өтеді. Тау өткелінің айта кетерлік ерекшелігі, бұл жерде желдің екпіні секундына 70 метрге дейін жетеді", - деп ескертті ведомстводан.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны