28.05.2020, 15:54 7251

Алматы облысындағы техникалық қадағалау сарапшысы мемлекетке 90 млн теңгеден астам мөлшерде шығын келтірді деп күдіктелуде

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ЖШС-нің техникалық қадағалау сарапшысына сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді тиісінше орындамады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы техникалық қадағалау сарапшысы мемлекетке 90 млн теңгеден астам мөлшерде шығын келтірді деп күдіктелуде.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ЖШС-нің техникалық қадағалау сарапшысына сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді тиісінше орындамады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 2018 жылдың мамыр-желтоқсан айлары аралығында Алматы облысының Қаратал ауданында "Жолды күрделі жөндеу" объектісінде толық көлемде орындалмаған жұмыстар үшін орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы, мемлекетке 90 миллион теңгеден астам мөлшерде шығын келтірді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны