25.05.2020, 18:52 6862

Алматы облысының Қапшағай қаласына жаңа әкім тағайындалды

1970 жылы туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын стоматолог дәрігер, Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер, Шет тілдер және іскерлік карьерасы университетін экономика бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.

Алматы. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысының Қапшағай қаласына жаңа әкім тағайындалды.

Бүгін Алматы облысының Қапшағай қаласына жаңа әкім тағайындалды. Облыс әкімі Амандық Баталов қаланың жаңа әкімі Нұрлан Құматаевты таныстырды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ең алдымен Амандық Баталов қалалық мәслихаттың кезектен тыс 71-ші сессиясында депутаттармен кездесіп, Қапшағайды бұған дейін басқарған Талғат Қайнарбековтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты жаңа әкімнің кандидатурасы Президент әкімшілігінің келісімімен ұсынылып отырғанын айтты. Нұрлан Орынбасарұлының өмірбаянына қысқаша тоқталған облыс басшысы жаңа әкімнің бар жинақтаған тәжірибесін, күш-жігерін қаланың дамуына арнайтынына сенім білдірді. Депутаттар кандидатураны бірауыздан қолдады.

Мұнан соң Амандық Баталов Т. Қайнарбековтің тындырымды жұмысына ризашылығын білдіріп, бұған дейін Іле ауданы әкімінің орынбасары болған Нұрлан Құматаевқа қаланы дамытуда үлкен міндеттер жүктеді.

- Талғат Қанатұлы қаланы төрт жылға жуық басқарды. Қапшағай - ерекше қала. Сондықтан кадр іріктеуде біз әрқашан аса салмақты шешім қабылдаймыз. Бұл ретте Талғат Қанатұлы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында едәуір жұмыстар атқарды. Жаңа кәсіпорындар ашу, жаңа жұмыс орындарын құру, халықтың әл-ауқатын арттыруда оң нәтижелерге қол жеткізді. Негізгі капиталға 8,7 млрд. теңге инвестиция тартылды. Қалаға биылғы жылы 4,6 млрд.теңге бөлініп отыр. Қалада тұрғын үйлер, демалыс орындары салынып, көл жағалауы абаттандырылды, аулалар қалпына келтірілді, ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Қаланың жаңа басшысының алдында осы істерді, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын, Қапшағайдың әлеуметтік-экономикалық дамуын одан ?рі жалғастыру міндеті тұр, - деп атап өтті А.Баталов.

Облыс әкімі экономикалық дамуды қалпына келтірудің кешенді жоспарын іске асыру, Жұмыспен қамту жол картасын нәтижелі орындау, індетпен күрес кезеңінде жұмыс орындарын сақтау мен жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында түбегейлі шаралар қабылдау, өңірге инвесторлар тарту жұмысын ары қарай да жүзеге асыруды тапсырды.

- Қапшағайда ірі өнеркәсіп орындары көп. Олардың жұмысы төтенше жағдай кезінде тоқтаған жоқ. Бұл ретте негізінен зардап шеккен шағын ж?не орта бизнес, сондықтан сол салаға қолдау көрсету керек. Қазір облыста 51 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Осы кезектегі азаматтарды баспанамен қамтуда жаңадан қабылданған "5-10-20" бағдарламасының тиімділігі зор. Оған қоса "Бақытты отбасы", "Нұрлы жер", "7-20-25" бағдарламалары арқылы да, сол қатарда жеке құрылыс жүргізушілер есебінен де тұрғын үйлер салу көлемін арттыру керек. Қаланың ?леуметтік-экономикасын көтерудегі барлық игі істеріңе облыс ?кімі ретінде қолдау көрсетемін, - деді А. Баталов жаңа әкімге қарата.

Мұнан соң Т. Қайнарбеков өзімен қоян-қолтық жұмыс істеген депутаттарға, әріптестеріне, қала тұрғындарының атына ризашылығын білдірсе, Н. Құматаев өз сөзінде өзіне артылған сенімді ақтайтынына сендірді.

Қалалық мәслихат депутаты С?уле Нұрсұлтанова да тілек білдіріп, ой қосты.

Атап өтсек, Қапшағай қаласының әкімі лауазымына тағайындалған Нұрлан Орынбасарұлы Құматаев бұған дейін Іле ауданында мемлекеттік қызметте бірқатар лауазымдарды атқарған, 2016 жылдың ақпан айынан бүгінге дейін Іле ауданы әкімінің орынбасары болған.

Нұрлан Орынбасарұлы ҚҰМАТАЕВ

1970 жылы туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын стоматолог дәрігер, Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер, Шет тілдер және іскерлік карьерасы университетін экономика бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы #4 стоматологиялық емханасының стоматолог дәрігері болып бастаған. әр жылдарда Іле ауданы Жетіген ауылдық округі әкімінің орынбасары, Іле ауданы әкімі аппараты Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Іле ауданы Байсерке ауылдық округі әкімінің орынбасары, Іле ауданы ?кімі аппараты Шағын және орта бизнес, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің бастығы болды.

2016 жылдың ақпанынан - Іле ауданы әкімінің орынбасары.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны