25.05.2020, 18:40 6136

Алматы облысының тұрғыны бақшасындағы жер телімінде мың түп қара сора өсірген

Кінәлі тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 330-бабы Құрамында есірткі бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматы. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысының тұрғыны бақшасындағы жер телімінде мың түп қара сора өсірген.

Еліміздің өңтүстік өңірінде жылы күндердің тұрақталуымен құрамында есірткі бар өсімдіктерді егіп-өсіруге деген әрекеттер қолға алына бастайды.

Алматы облысының есірткі полицейлері жедел ахуалды зерделеу және пысықтау нәтижесінде өзінің бақшасындағы жер телімінде 1259 түп қара сора еккен, Қарасай ауданы Қолды ауылының жергілікті тұрғынын анықтады.

Заңсыз плантация ғылыми-аграрлық тұрғыда егілген, яғни өсімдіктерді қоректендіру және тамшылап суару әдісі қолданылған. Бұдан әрі өсімдікті толыққанды суару көзделген. Қара сора плантациясын көршілерден жасыру үшін 2 метрлік қоршаумен қоршалған.

Ұсталған адамның үйіне және шаруашылық құрылыс жайларына тінту жүргізу барысында кептірілген марихуана салынған үш пакет, сондай-ақ қара сора дәндері бар пакеттер табылды.

Қара сора өсірілген плантация жойылды.

Кінәлі тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 330-бабы Құрамында есірткі бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап бойынша жаза екі мың АЕК дейін айыппұл салуды, түзеу жұмыстарын, екі жылға дейін бас бостандығын шектеуді немесе айыруды көздейді.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны