03.04.2020, 16:17 3983

Алматы облысының Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары ұйымдасқан қылмыстық топ құруда және басқаруда күдікті болды

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысының Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары ұйымдасқан қылмыстық топ құруда және басқаруда күдікті болды.

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар Талғар ауданының Панфилов селолық округы Қызыл Ту селосының сыртында санитарлық қорғау және су қорғау аймағында орналасқан жер телімдерін ақшаға сату жолымен әрі қарай материалдық пайда алу мақсатында жеке меншікке және жалға заңсыз беруге бағытталған ұйымдасқан қылмыстық топ құруда және басқаруда күдікті болды.

Күдіктілер кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны