02.11.2019, 14:37 16014

Алматы облысының Жамбыл ауданы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді

Шенеунікке қатысты процессуалдық ұстау оның кінәсін мойындауына және күдіктінің мен қорғаушысының процессуалдық келісімі туралы өтінішхатына байланысты қолданылған жоқ.

Нұр-Сұлтан. 2 қараша. Kazakhstan Today - Алматы облысының Жамбыл ауданы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді.

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ директорына қатысты жүйелі негізде пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол, "Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" бойынша несие алуға көмек көрсеткені үшін кәсіпкерлерден 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейін пара алды деген төрт факті негізінде күдікке ілініп отыр.

Шенеунікке қатысты процессуалдық ұстау оның кінәсін мойындауына және күдіктінің мен қорғаушысының процессуалдық келісімі туралы өтінішхатына байланысты қолданылған жоқ.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны