10.07.2026, 10:40 46266

Алматы тұрғындары арықтарды бетон плиталармен жабуға қарсы петиция жариялады

Алматы тұрғындары арықтарды бетон плиталармен жабуға қарсы петиция жариялады
Сурет: https://epetition.kz
Алматы тұрғындары ашық арықтарды бетон плиталармен жабуды тоқтатуды талап еткен петиция жариялады.

Құжат Алматы қаласының әкімдігі мен мәслихатына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне жолданды.

Петиция авторларының пайымдауынша, арық жүйесі - қалалық инфрақұрылымның маңызды бөлігі. Ол жаңбыр және еріген қар суларын бұруға, көшелерді салқындатуға, жасыл желекті сақтауға және қаланың микроклиматын жақсартуға ықпалы зор.

Құжатта арықтарды жабу ауаның қапырықтануын күшейтіп, ауа айналымының нашарлауынаы, ауаның ластануына, ағаштардың құрауына және нөсер жаңбыр кезінде көшелерді су басу қаупінің артуына әкелуі мүмкін екені айтылған.

Сондай-ақ петиция авторлары бетон плиталар қаланың қауіпсіздігіне әсер етеді деген пікірмен келіспейді. Олардың айтуынша, уақыт өте келе мұндай конструкциялар шөгіп, бұзылып, жаяу жүргіншілерге қосымша кедергілер туғызуы мүмкін. Бұдан бөлек, ашық арықтар жол-көлік оқиғалары кезінде автокөліктердің тротуарға шығып кетуіне тосқауыл болатын қосымша қорғаныс қызметін атқарады.

Авторлар арықтарды жабу тәжірибесі Қазақстанның экологиялық заңнамасына қайшы келедц және әлемдік үрдістерге сай емес деп санайды. Өйткені көптеген елдерде, керісінше, ашық қалалық су арналары қайта қалпына келтіруде.

Осыған байланысты олар:

- ашық арықтарды жабуға мерзімсіз мораторий енгізуді;

- бұрын жабылған арық учаскелерін қалпына келтіру бағдарламасын әзірлеуді;

- ашық арық жүйесін сақтай отырып, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін абаттандырудың бірыңғай стандартын бекітуді;

- арық желісін тұрақты түрде тазалау мен жөндеуді қамтамасыз етуді талап етеді.

Өтініш авторларының пікірінше, ашық арықтарды сақтау экологиялық қауіпсіздік, орнықты даму және Алматының тарихи келбетін сақтау үшін қажет.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімдігі арықтардың кейбір бөлігін жабу жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының қаупін азайту мақсатында жүргізіліп жатқанын мәлімдеген болатын.

Естеріңізге сала кетсек, биыл сәуір айында Алматыда нөсер жаңбыр кезінде мас күйдегі ер адам арыққа құлап, суға батып кеткен болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны