Жұмыс күндері олардың жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады - 9.00-ден 20.00-ге дейін.
ХҚКО-ның қалған бөлімдері дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін стандартты кесте бойынша жұмысын жалғастырады. Қазақстандықтар сондай-ақ "ХҚКО" қосымшасы арқылы, бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша, eGov порталында, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында, Egov mobile қосымшасы арқылы ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондай алады", - деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.
Айта кетейік, кезекші ХҚКО-лар тек облыс орталықтарында ғана бар. Ұлытау және Жетісу облыстарында олар кейінірек анықталады.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда ХҚКО-лардың жұмыс уақытын қысқартқысы келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.