01.03.2020, 21:38 8456

Алматыда Алғыс айту күні атап өтілуде: "Тұрақтылық пен бейбіт өміріміз үшін мың алғыс"

"Алғыс айту күнінде балаларымызға Отанымызды сақтап қалғанымызды айтып, 130 ұлт өкілінің бір байрақтың астында бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп жатқанын үнемі айтып жүргеніміз абзал", - деді ол.

Алматы. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда Алғыс айту күні атап өтілуде: "Тұрақтылық пен бейбіт өміріміз үшін мың алғыс".

1 наурыз күні Қазақстанда ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы бастамашылық еткен және барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген махаббатының, достығының, мейірімділігінің жарқын мерекесі болып табылатын "Алғыс айту күні" атап өтілуде. Осы орайда Алматыда "Мың тағдыр - бір Ел" атты дөңгелек үстел өтті.

Мерекенің маңыздылығына тоқталған "Қазақстандағы Орыс мәдени орталығының" төрағасы Всеволод Лукашев:

"Алғыс айту күні - барша халықты біріктіретін мереке. Бұл күн әр адамның бір-біріне "Біздің қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған, мамыражай елде тұрып жатқанымыз үшін мың да бір алғыс" деп айтуы тиіс", - деген ол, мерекенің өскелең ұрпақ үшін өте маңызды екенін ерекше атап өтті.

"Алғыс айту күнінде балаларымызға Отанымызды сақтап қалғанымызды айтып, 130 ұлт өкілінің бір байрақтың астында бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп жатқанын үнемі айтып жүргеніміз абзал", - деді ол.

Қазақстан ұйғыр жастары одағы төрағасының Алғыс күніне арнаған құттықтауы: "Барша елге "Рахмет" айтамын!".

1 наурыз күні Қазақстанда "Алғыс айту күні" мерекесі атап өтіледі. Алматыда "Мың тағдыр - бір Ел" ("Тысячи судеб - один народ") тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына қала әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Н. Балғымбаев, "Қоғамдық келісім" қалалық филиалының директоры Ш. Тәжмұратов және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Қариев көктемнің алғашқы мерекесі - Алғыс айту күні туралы өз ойымен бөлісті.

"Қазақстан Алғыс айту күнін осымен бесінші жыл қатарынан атап өтуде. Бұл мерекенің мәні тереңде жатыр. Әсіресе Қазақстан халқы Ассамблеясындағы әріптестерім үшін айтулы күн. Бұл күн Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні. Барлық этностардың бір-біріне алғыс айтып, бейбіт заманда өмір сүріп жатқандары үшін қазақ халқына да Алғыс айту мүмкіндігіне ие болуда", - деп атап өтті Р. Қариев.

Сонымен қатар, бұл күннің жастар мен өскелең ұрпақ үшін де аса маңызды екенін тілге тиек етті.

"Менің ойымша, бәрі үшін алғыс айтуға болады. Біз аға ұрпаққа болашағымыз үшін және экономикасын дамытқан тәуелсіз Қазақстанды құрғаны үшін алғыс айтамыз. Барша қазақстандықтарды айтулы күнмен құттықтаймын. Бар жақсылықты тілей отырып, "Рахмет!" деуден жалықпаймын, - деді ол.

Еске салсақ, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жаңа мереке - Алғыс айту күні бекітілді.

Алғыс айту күні әлемнің бірқатар елінде бар - Алматының этномәдени бірлестіктері "Алғыс айту күнімен" құттықтайды.

Алматыдағы Достық үйінде "Алғыс айту күні" мерекесіне орай Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

"Шыны керек, көктемнің алғашқы күні "рахмет" сөзімен басталады. 1 наурыз күні елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні, Алғыс айту күні, бұған қоса, көктемнің бірінші күні атап өтіледі. Сондықтан, Кеңес үкіметі билеген жылдары ұлы далаға қоныс аударған халықтар қазақ халқына шыдамдылық танытып, қонақжайлық көрсеткендері үшін алғыс білдіреді", - деді "Барбанг" күрдтер қауымдастығының төрағасы Князь Мирзоев.

Оның айтуынша, бұл күн кездейсоқтық емес. 1 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл ұйымның құрамына 800-ден астам этномәдени бірлестіктер кіреді.

Алғыс айту күні әлемнің көптеген елдерінде бар. Бұл дәстүр бізді одан әрі жақындастыруға, халықтың бірігуіне септігін тигізеді. Өз Отанының нағыз ұлына айналған жандардың жалпыұлттық махаббат мерекесі іспеттес бұл", - деді К. Мирзоев.

2015 жылдың сәуір айында ҚХА-ның 22-ші сессиясы мен ҚХА-ның 20 жылдығын мерекелеу кезінде ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қазақстанда Алғыс күнін атап өтуді ұсынды. Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген махаббаты мен достығының жарқын белгісі болып табылады.

Әркім өзінің шығармашылық және ғылыми әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік алды - Алматы қаласы ҚХА мүшесі "Алғыс айту күні" туралы.

Қазақстанда Алғыс айту күні тойлануда. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері өзара іс-қимылды дамыту мен этностардың достығын нығайтудың өзекті мәселелерін талқылау үшін Алматыда бас қосты.

Дөңгелек үстелде Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми сараптама тобы төрағасының орынбасары Светлана Ананьева өзінің сараптамалық пікірімен бөлісті.

"Бүгінгі Алғыс айту күні - Ұлт көшбасшысы Елбасының игі бастамасымен бекітілді. Бұл туралы оның елордада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында мәлімдегені кездейсоқтық емес. Сол кезде Тұңғыш Президентіміз-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Ассамблея да құрылды", - деді С.Ананьева.

Айтуынша, Қазақстанға жер аударылып келгендер қазақ халқының жанашырлығы мен көмегінің арқасында жан сақтап, аман қалды.

"Біздің әрқайсымыз (Қазақстанға жер аударған халықтың өкілі) шығармашылық тұрғыда және ғылыми әлеуетімізді жүзеге асыру үшін мүмкіндік алдық. Бұл туралы бүгін дөңгелек үстелде айтылды. Қазақ жерінен пана тапқан сан түрлі халықтардың шынайы ризашылық көңілі шексіз", - деп толықтырды сөзін ол.

Сондай-ақ Светлана Ананьева халықтардың Қазақстан аумағына жер аударылу кезеңдерін суреттейтін бір оқиғаны еске алды. "Жер аудару және Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Атырауда балық аулаушылар ауланған балықтарын жер аударылғандардың балалары мен отбасыларына берген еді. Бұл олардың жомарттығын білдіреді. Бұл қонақжайлылықтың ғана емес, орасан зор адамгершіліктің белгісі. Біз Қазақстанда көпұлтты және көпмәдениетті ұстанымды сақтауға тырысудамыз. Ол үшін біз өзіміздің болашақ өмірімізді және ынтымақтастығымызды, болашақ жұмысымызды құруға тиіспіз", - деді С.Ананьева.

Сонымен қатар, ол биылғы жыл ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы екенін, ол өз еңбектерінде "жер бетіндегі әділеттіліктің маңыздылығы, алғыс білдірудің маңыздылығы, бір-бірінің әрбір сөз естілуі тиіс деген маңыздылығы туралы айтқан болатын. Тек сол кезде ғана біз Отанымызды, біздің Қазақстанды нығайтамыз және жаңа орбитаға шығарамыз", - деді ол.

Алматы қаласы ҚХА мүшесі Алғыс айту күні жайында - Біз Қазақстанда бір отбасыдай тату-тәтті өмір сүрудеміз.

Алғыс айту мерекесі аясында Алматыда "Мың тағдыр - бір Ел" атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. "Элефтерия" гректер қоғамы ҚБ төрағасы Георгий Иорданиди осы мерекенің барлық этностар үшін маңыздылығы туралы айтты.

"Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Бұл мерекеде түр-түсімізге, діни сенімімізге қарамастан, бір-бірімізге Қазақстанда тату-тәтті отбасы болып өмір сүріп жатқанымыз үшін алғыс айтуымыз тиіс. Бұл достықтың кірпішін қиын-қыстау заманда өмір сүрген әкелеріміз бен аталарымыз қалаған", - деді Қазақстанның грек қоғамдары қауымдастығының президенті Георгий Иорданиди.

Сонымен қатар Георгий Иорданиди барлық этностардың достық қарым-қатынасын сақтау мен одан әрі тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.

"Менің ойымша, енді біз, этномәдени бірлестіктердің басшылары, аға ұрпақ өздерінің балаларына, немерелеріне Қазақстан достықтың пен еңбектің арқасында бой көтергенін жеткізуіміз керек. Бұл біздің қолымыздан келеді деп ойлаймын. Мен баршаңызды осы мерекемен құттықтағым келеді", - деді Георгий Иорданиди Қазақстандағы барлық гректер қоғамы қауымдастығының атынан.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны