13.07.2026, 16:47 47391

Алматыда Алматы-Арасан шатқалы мен Проходное шатқалы жабылды

Шектеу тау беткейлері мен құздарды нығайту жұмыстарына байланысты енгізілді
Алма-Арасан шатқалы мен Проходное (Өтпелі) шатқалына кіру 13 шілде мен 17 шілде аралығында күндізгі уақытта (сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін) уақытша жабылды,  деп хабарлайды Іле-Алатауы ұлттық паркінің баспасөз қызметінен.

Бұл шектеу тау беткейлері мен құздарды нығайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына байланысты енгізілді.

Естеріңізге сала кетсек, шілде айының басында Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі сел қаупі бар учаскелердегі бақылауды күшейткен болатын. Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының тұрғындарына сел мен көшкін қаупі туралы ескерту жасалды.

Бұған дейін, Алматы аудандарының бірінде сел қаупіне байланысты уақытша орналастыру пункттері дайындалып жатқаны да хабарланған.

Сондай-ақ, нөсер жаңбырдан кейін Ақсай өзені арнасынан асып, Ташкент тасжолы бойындағы "Тоймарт" супермаркетінің аумағын су басқан еді. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбалардан бірнеше тұрақта тұрған автокөліктің де су астында қалғанын көруге болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны