Система Orphus

Алматыда ауадағы ұсақ дисперсиялы шаңның деңгейі 20%-ға өсті, оның ішінде көлік кіретіндіктен - әкімдік

27.06.2022, 15:44 12111
Алматыда ауадағы ұсақ дисперсиялы шаңның деңгейі 20%-ға өсті, оның ішінде көлік кіретіндіктен - әкімдік
АЛМАТЫ. 27 МАУСЫМ - Алматының PM2,5 ұсақ дисперсиялы шаңының орташа жылдық деңгейі соңғы 3 жылда 20%-ке өсті, соның ішінде келіп жатқан автокөліктердің 30 мың данаға өсуінен. Бұл туралы "Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары" атты жобасында делінген, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Алматы әкімдігінің ақпараты бойынша, қалада көлік ағыны артып, кептелістер байқалуда. Мәліметтерге сәйкес, қалада 470 мың қалалық жеке көлік бар және 230 мың сырттан келетін автокөлік тіркелген.
 

Ауадағы NO2 азот диоксидінің мөлшері (көліктен, қазандықтардан, ЖЭО және басқа да кәсіпорындардан) шекті рұқсат етілген шоғырланудан 2 есе артық", - деп атап өтілген құжатта.

 
Алматының даму жоспарына сәйкес, РМ2,5 бойынша AQI (Ауа сапасының индексі) 2025 жылға қарай 83-ке дейін (қанағаттанарлық), 2030 жылға қарай 50-ге дейін (жақсы), NО2 мөлшері 2025 жылға қарай 60 мкг/м3-ке дейін, 2030 жылға қарай 40 мкг/м3-ке дейін төмендейді.
 
2025 жылға қарай жоспарланған:
 
  • 100% Алматыдағы жеке үйлерді газдандыру (1 мың. т);

  • Алматы облысында 42 мың жеке үйді газдандыру (8,0 мың т);

  • Дизельді автобустарды, коммуналдық техниканы газға және электр тартымына ауыстыру (3 мың т);

  • Шаңдануды азайту үшін жол бойындағы төсемді көгалдармен және басқа да жабын түрлерімен абаттандыру, сондай-ақ қаланың жасыл қорын ұлғайту;

  • 2-ЖЭО табиғи газға көшіру, 1- ші кезең (жылына 3,7 мың т);

  • Заңды тұлғалардың стационарлық көздерінде шаң-газ тазарту жабдығын орнату (1 мың т).
 
Осылайша, әкімдік атмосфераға шығарындыларды 2025 жылға қарай 127 мың тоннадан 113 мың тоннаға дейін, 2030 жылға қарай 78 мың тоннаға дейін төмендетуге уәде беріп отыр.
 
Сондай-ақ, қаланың экологиялық сын-қатерлердің арасында:
 
- Қалдықтар көлемінің өсуі, 430 мың тонна ҚТҚ-ның тек 17% қайта өңделеді;
 
- Көгалдандыру бойынша әркелкілік; 
 
- Ағаштардың жағдайы: 4 млн. ағаштың 485 мыңы – 12% апаттық жағдайда және жағдайы нашар.
 
Естеріңізге сала кетейік, атмосфералық ауаның экологиялық мониторингінің нәтижелеріне сәйкес, Алматы атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары қалаларға жатады. Ластанудың негізгі пайызы жылу көздеріне (ЖЭО, қазандықтар), автокөлікке және жеке секторға тиесілі.
 
 "Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары" құжатының жобасы "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ сайтында жарияланған.
 

Құжатта қордаланған мәселелерді, халықаралық тәжірибені, әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін, Алматының тарихи рөлін, оның мәртебесін, экономикалық әлеуетін және ағымдағы ахуалды ескере отырып анықталған қаланы дамытудың қысқа және орта мерзімді басымдықтары көрсетілген. Құжаттың мазмұны Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары мен оның 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары, Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспары және Алматы агломерациясын 2030 жылға дейін дамытудың Кешенді жоспары сынды жобаларды одан әрі пысықтау мен қабылдау үшін негізге алынбақ", - деді қалалық әкімдікте.

 
Жоба 7 бөлімнен тұрады – "Жайлы қалалық орта", "Тұрақты экономикалық өсу", "Басқарылатын урбанизация", "Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық", "Жасыл Алматы", "Смарт сити", "Қауіпсіз қала".
 
Жобаны қоғамдық талқылауға қаланың әрбір тұрғыны қатыса алады, 7 бөлімнің әрқайсысы бойынша пікір білдіріп, ой бөлісуге болады. Жиналған деректер "Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарын және оның орта мерзімді перспективаларын" талқылау және пысықтау кезінде кешенді түрде өңделіп, пайдаланылатын болады.
 
Құжат 1 шілдеге дейін жалпы талқылауда болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны