17.08.2026, 15:55 50566

Алматыда ауыр дертке шалдыққан балаларға арналған паллиативтік бөлімше ашылды

Тіпті мұндағы палаталар нөмірмен емес, гүлдердің атауымен аталады
Алматыда алғаш рет балаларға арналған паллиативтік бөлімше ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасай отырып.

Бөлімше 15 орынға есептелген. Мұнда өмірінің алғашқы күнінен бастап 18 жасқа дейінгі ауыр созылмалы, онкологиялық, неврологиялық және сирек кездесетін ауруларға шалдыққан балаларға көмек көрсетіледі.

"Мұнда балаларға медициналық көмектен бөлек, психологиялық және әлеуметтік қолдау да толық көрсетіледі. Негізгі қағидат - барлық маманның бірлескен, мультидисциплинарлық жұмысы. Әр палата оттегі беру жүйесімен, өкпені жасанды желдету аппаратымен, монитормен, инфузоматпен, штатив, аспиратормен жабдықталады. Баланың диагнозына қарай реаниматолог, реабилитолог, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, психолог, әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді",- деп мәлім етті №2 Балалар ауруханасының ПБ меңгерушісі Олеся Панкова.


Оның айтуынша, бөлімшеде үйдегідей жайлы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Ата-аналар баласының жанында болып, оған тамақ әзірлеп, өздері күтім жасай алады. Тағы бір қызығы, тіпті мұндағы палаталар нөмірмен емес, гүлдердің атауымен аталады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны