04.06.2019, 23:17 10394

Алматыда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Жастардың алдында сөйлеген сөзінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстанның мемлекеттік рәміздері Отанға, ел тарихы мен мемлекеттік тілге, мәдениет пен дәстүрге деген шынайы сүйспеншіліктің көрінісі екенін атап өтті.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan Today - Алматыдағы Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Мемлекеттік рәміздердің 27 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Туын, Елтаңбасын және Әнұранын бекіткен еді.

Жастардың алдында сөйлеген сөзінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстанның мемлекеттік рәміздері Отанға, ел тарихы мен мемлекеттік тілге, мәдениет пен дәстүрге деген шынайы сүйспеншіліктің көрінісі екенін атап өтті.

"Осыдан 27 жыл бұрын Алматының нақ төрінде аса маңызды тарихи оқиға - тұңғыш рет мемлекеттік рәміздер қабылданды. Ту, Елтаңба мен Әнұран - халқымыздың арманы мен аңсарының, дархандығы мен даралығының, әлеуеті мен мүмкіндігінің жиынтық көрінісі. Бүгінгі Қазақстан - тұрақты дамыған, өркен жайған мемлекет. Сіздер, тәуелсіз Қазақстанның өскелең ұрпақтары терең білім, ерен еңбек және өзара топтасу арқылы Отанымызды, білім мен ғылымды, экономиканы алға жылжытасыңдар. Елбасы бір сөзінде "Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы - осы" - деген еді. Тұңғыш Президентіміздің осы нақыл сөзін еліміздің әрбір азаматы жүрек түкпірінде сақтап, әркез жадында ұстап, орындауы қажет. Баршаңызды бүгінгі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!", - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Салтанатты жиын соңы Нұржан Керменбаев, Кентал, Моник, Сарын, Дауыс International, Азия топтары және басқалары қатысқан мерекелік концертке ұласты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны